Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жыл

2018 ж. 6 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрлігі Отбасы күні қарсаңында «Қазақстан қоғамын жаңғырту үдерісіндегі отбасының рөлі».тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

2018 жылдың 29 тамызы күні ҚР Президенті Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының (ШХЗА) сарапшылармен кездесуі өтті.

2018 жылдың 16 тамызы күні ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) «Заманауи әлем» зерттеу орталығының делегациясымен (Пекин, Қытай) кездесу өтті.

2018 жылдың 2 шілдесінде Астананың 20-жылдығына арналған «Азаматтық қоғам институттарының Астана қаласының дамуына үлесі» атты сарапшылық топ отырысы өтті. Ұйымдастырушы – ҚР Қоғамдық даму министрлігі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, саяси партиялар, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.

Ағымдағы жылдың 27 маусымы күні Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ұлы астаналар – ақылды қалалар» халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Ақыл орталықтарының» басымдықтары: жаңа шынайылықты қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Еуразиялық интеграция институты мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірігіп ұйымдастырды.

12 маусымда Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің «ҚХА XXVI Сессиясының тапсырмаларын орындау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сарапшылық қолдау туралы» кеңейтілген отырысы өтті. http://lenta.inform.kz/ru/ank-pristupit-k-realizacii-proekta-kazaktanu_a3286374

2018 жылдың 7 маусымында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (KAZISS) Шанхай Шет тілдер университетінің (ШШТУ) мамандарымен сарапшылық кездесуі өтті. Шанхай Шет тілдер университеті тарапынан Кеңес Төрағасы Jiang Feng, Халықаралық ынтымақтастық және алмасу кеңсесінің директоры Zhang Hongling, Ресей және Еуразиялық зерттеулер мектебінің Деканы Xu Hong, Ресейді зерттеу Орталығы деканының орынбасары Yang Bo, Халықаралық қатынастар мектебінің Профессоры Yang Cheng қатысты. 

7 маусымда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Израиль мемлекетінің сыртқы істер министрлігі бас директорының орынбасары Алексом Бен-ЦвиҚазақстан Республикасындағы Израильдің Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаэл Бродский және Израиль СІМ талдамалық бөлімінің аға сарапшысы Вита Абрамовпен кездесу өтті. ҚСЗИ тарапынан кездесуге директор Зарема Шаукеновадиректордың орынбасары Санат Кушкумбаевғалым хатшы Қазбек Исаевхалықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Әділхан Ғаделшиев қатысты.

2018 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан астанасының 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана – әлем қаласы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шараны  Қазақстан астанасының даму нәтижелерін және оның Еуразиядағы маңызды геосаяси орталық ретіндегі келешегін талқылауға қазақстандық және шетелдік саясаткерлер мен беделді сарапшыларды тарту мақсатында Елбасы Кітапханасымен ҚР Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Страница 3 из 8

Басылымдар