Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан астанасының 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана – әлем қаласы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шараны  Қазақстан астанасының даму нәтижелерін және оның Еуразиядағы маңызды геосаяси орталық ретіндегі келешегін талқылауға қазақстандық және шетелдік саясаткерлер мен беделді сарапшыларды тарту мақсатында Елбасы Кітапханасымен ҚР Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры бірлесіп ұйымдастырды.

f6ReBzhk

Конференцияда мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, парламент мүшелері, халықаралық қауіпсіздік, қаржы, тұрақты даму саласының сарапшылары, әлемнің 20 елінің ғалымдары қатысты. Конференцияның 6 сессиясының барысында Астананың 20 жылдығына қатысты геосаяси, тарихи, экономикалық, дипломатиялық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да аспектілер талқыланды. Конференцияда ҚСЗИ атынан институт директоры Зарема Шаукенова, директордың орынбасары Санат Кушкумбаев, ғалым хатшы Қазбек Исаев қатысты.

Конференцияның ашылуында оның мүшелеріне арналған кіріспе сөзді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев сөйледі.

ih3zTSqZ

Конференцияның «Астана халықаралық диалог алаңы: мұралар, трендтер, перспективалар» атты бірінші сессиясында 15 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының 25 жылдық мерейтойына арналған «Жаңғыртудың ұлттық стратегиялары: жетістіктері мен келешегі» атты конференциясына қатысуы жоспарланып отырған Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтының директоры – Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Владимир Норов, Шанхай ынтымақтастық ұйымының экс-Бас хатшысы Муратбек Иманалиев (Қырғызстан) сөз сөйледі.

Конференцияда «Астана – әлем қаласы» атты  халықаралық конференциясы қатысушыларының Үндеуі қабылданды (Үндеу)

Басылымдар