Халықаралық ынтымақтастық ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) қызметінің ажырамас бөлшегі болып табылады. ҚСЗИ тарапынан алыс және жақын шетелдік ұйымдармен жасалған ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдер, шарттар, меморандумдар ғылыми-зерттеу қызметіндегі екіжақты ынтымақтастықты орнату мен кеңейту үшін негіз болады, ғылыми әлеуетті нығайтуға, тәжірибе алмасуға, бірлескен сараптамалық жобалар, ұдайы жүйелі сараптамалық отырыстар мен дөңгелек үстелдер өткізу арқылы өзара ықпалдасудық жаңа формаларын жетілдіру мен дамытуға септігін тигізеді.