Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жыл

2018 жылдың 22 мамырында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі: «Рухани Жаңғыру: Қазақстанның рухани жаңаруы мен бірлігі көздері» атты көшпелі мәжіліс өтті. Іс-шара Ақмола облысының Целиноград ауданы Родина ауылында өтті. Құттықтау сөздерімен «Родина Агрофирма» ЖШС бас директоры Иван Сауэр, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова, ауылдық округ әкімі Родина Бэлла Газдиева.

2018 жылдың 10 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (KAZISS) ҚСЗИ қызметкерлері мен Пәкістан Ислам Республикасының (ПИР) Ақпарат министрлігінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Пакистандық тарапты сыртқы ақпарат көзі агенттігі жұмыс жөніндегі секторының бас директорының орынбасары Ариф Эхсан Казми, Ақпарат министрлігінің БАҚ үйлестіру департаментінің директоры Рафи Улах Хан, ПИР елшілігінің әскери атташесі Шакил Фариди, сондай-ақ радио станциялар, теледидар және БАҚ басылымдарының өкілдері мен бірқатар журналистер қатысты.

2018 жылдың 5 мамырында Алматыда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуына арналған «Болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы.

2018 жылдың 4 мамыры күні Астанада, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында «XI Астана экономикалық форумы: жаһандық проблемалар және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Шараны Астана экономикалық форумының ұйымдастыру комитеті, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Еуразиялық интеграция институты, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы Экономикалық зерттеулер институты ұйымдастырған. Дөңгелек үстел жұмысына жетекші сарапшылар, экономистер, саясаткерлер, әлеуметтанушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

2018 жылдың 4 мамыры күні Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының жыл сайынғы форумы аясында ҚСЗИ мен  Пәкістан Ислам Республикасының Жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығы (ЖСЗО) қызметкерлерінің қатысуымен сарапшылар кездесуі өтті. Пәкістан жағынан ЖСЗО вице-президенті Хафиз Масрур Ахмед, ЖСЗО консультативтік кеңесі мүшелері  Джавад Маджид Хан мен Тайар Хайдер, және  Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің орынбасары Вакас Ахмедқатысты.

2018 жылдың 4-5 мамырында Астана қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының жыл сайынғы саммиті алдында тұрған маңызды ғылыми-сараптамалық шараларының бірі болып табылатын, Шанхай ынтымақтастық ұйымы форумының 13-ші отырысы болып өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Дүниежүзілік экономика және саясат институты (ДЭСИ) ұйымдастырды. Форумға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан), ШЫҰ хатшылығының, ШЫҰ РАТС Атқару комитетінің, сондай-ақ Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан және Ираннан келген байқаушы елдердің делегациялары қатысты.

2018 жылдың 27 сәуірде Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде (КМТИУ), мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «Тарихты зерделеу: Қазақстанның сакральды картасы» сараптамалық отырысы өтті. Шараны Маңғыстау облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты және «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық бюросы ұйымдастырды.

2018 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жас мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 12 сәуірде ұсынылған 18 оқулықтың («Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы), экономикалық бағыты бойынша жаңа оқулықтарды талқылады. Талқылауға Қазақстан Республикасы Президенті  жанындағы ҚСЗИ-да дипломалды тәжірибеден өтіп жатқан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен магистранттары қатысты.

24 сәуірде  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылып жарияланған «Ө.Т. Қасенов – алғашқы «ақыл» орталығының бірінші басшысы»» кітабының таныстырылымы өтті (шара туралы бейне-баян).

Страница 4 из 8

Басылымдар