Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Жанна Кәрімова, https://www.inform.kz/kz/sarapshy-kazakstandagy-zhastar-sayasatyn-damytu-is-sharalaryn-tusindirdi_a3885433?fbclid=IwAR0rMWfVqlXRF5W0MlRzyx2Z8wIbtVwj5O4DU2IeLtFmSFMiNM1dC6BZONI

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің отырысындағы сөз сөйлеуінде жастарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, жұмыспен қамту мәселелеріне жіті назар аударды. Атап айтқанда, жастардың «Жастар тәжірибесі» және «Менің бірінші жұмыс орным» жобаларына қатысу шарттарын қайта қарау көзделеді. Бүгінде «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында жастарға 6 ай мерзімге уақыта жұмысқа ораласу ұсынылады. Одан ары тұрақты сол жұмыс орнында қалуға да мүмкіндік бар. Іс жүзінде ұсынылатын бос жұмыс орындары жас түлектердің мамандықтарына барлық уақытта сай келе бермейді. Ал жалақы көлемі атқаратын лауазымға тікелей байланысты. Сондықтан жастардың жұмыс тәжірибесінің жоқтығын ескерсек, жалақы мөлшері олардың көңілінен шыға қоймайды. 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Менің бірінші жұмыс орным» жобасына қатысушылардың жалақысы 20 АЕК немесе 61 260 теңге (2022 жылдың 1 қаңтарынан 1 АЕК 3 063 теңгені құрайды) ғана. Ал бұл сома еліміздегі ең төменгі жалақыдан сәл ғана жоғары.

Басылымдар