Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Қазіргі заманғы Қазақстандағы әлеуметтік-саяси үдерістер:

  • Қазақстандағы ағымдағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау;
  • саяси жаңғыртудың мәселелерін кешендік зерттеу;
  • қоғамдық-саяси үдерістерді болжау және модельдеу; 
  • саяси институттардың, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың жағдайына, діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет мәселелеріне талдау жасау;
  • ағымдағы медиалық үдерістер мен ақпараттық трендтерді зерттеу.

Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың стратегиялық аспектілері:

  • замануи халықаралық үдерістерді, геосаяси трендтер мен аймақтық және жаһандық акторлардың сыртқы саяси стратегиясын сараптау;
  • көршілес елдердің ішкісаяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
  • халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу;
  • Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Түркиямен, Орталық Азия, Еуропалық Одақ, Еуразиялық Экономикалық одақ, ТМД елдері және азиялық бірқатар жетекші мемлекеттермен екі жақты қарым-қатынастарға талдау жасау;
  • аймақтық және жаһандық деңгейлердегі интеграциялық үрдістерді талдау.

Қазіргі заманғы Қазақстан мен әлемдегі әлеуметтік-экономикалық үдерістер:

  • ұлттық экономиканың дамуының өзекті мәселелерін сараптау;
  • Қазақстанның әлеуметтік дамуының үрдістері мен перспективасын зерттеу;
  • әлемдік экономиканың даму үрдісін, интеграциялық үдерістерді және оның Қазақстан экономикасына әсерін зерттеу;
  • өңірлік дамудың, мемлекеттік басқару мен менеджменттің, урбанизация, миграция және демография мәселелерін талдау;
  • Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселелерін зерттеу.

Әлеуметтанулық зерттеулер:

  • өзекті мәселелер бойынша кешенді әлеуметтанулық зерттеулер мен өзекті мәселелер бойынша мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік органдардың әлеуметтанулық зерттеулері бойынша жұмысты үйлестіру және аналитикалық мәліметтердің бірыңғай базасын қалыптастыру;
  • әлеуметтанулық зерттеу бағдарламаларын әдіснамалық қолдау және әдістемелік қамтамасыз ету;
  • қоғамдық пікір бойынша сауалнама нәтижелерін сараптамалық талқылауды ұйымдастыру;
  • мемлекеттік органдардың мамандандырылған құрылымдары үшін заманауи әлеуметтанулық әдістер бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу.

Ақпараттық-талдамалық және редакциялық-баспа қызметі:

  • ақпараттық кеңістіктің жедел мониторингі;
  • жұртшылықпен байланысты қамтамасыз ету;
  • ҚСЗИ сайтын және әлеуметтік желілердегі парақшаларды (Facebook, Twitter) ақпаратпен толтыру;
  • «Қазақстан-Спектр», «Коғам және Дәуір», «Central Asia's Affairs» ғылыми-талдамалық журналдарды басып шығару;
  • кітап, монография және жинақтар басып шығару.

Институт Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы сияқты стратегиялық мәселелер бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, ел басшылығы үшін болжама-талдау сипатындағы материалдар дайындайды.

Институт өз зерттеулерінің негізгі бағыттары бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, халықаралық форумдар өткізіп отырады.

ҚСЗИ шетелдердің ғылыми және сараптама құрылымдарымен ынтымақтастық орнатқан, қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік зерттеу жобаларын іс жүзіне асырады.

Басылымдар