Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

7 маусымда ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Израиль мемлекетінің сыртқы істер министрлігі бас директорының орынбасары Алексом Бен-ЦвиҚазақстан Республикасындағы Израильдің Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаэл Бродский және Израиль СІМ талдамалық бөлімінің аға сарапшысы Вита Абрамовпен кездесу өтті. ҚСЗИ тарапынан кездесуге директор Зарема Шаукеновадиректордың орынбасары Санат Кушкумбаевғалым хатшы Қазбек Исаевхалықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Әділхан Ғаделшиев қатысты.

Талқылаудың басты тақырыбы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар, аймақтық дамудың келешегі мәселелері болды. Израиль Елшісі қазақстандық күн тәртібіндегі ішкі мәселелерге қызығушылық танытты. Орталық Азия елдерінің интеграциялану мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, дипломаттардың қызығушылығын аймақтағы басты акторлар Ресей және Қытайдың саясаты мен көзқарасы тудырды, атап айтқанда инфрақұрылымдық жобалар – ЕАЭО және «Белбеу және Жол» Қытай бастамасы шеңберіндегі.

Сарапшылар Таяу Шығыс, Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, ШЫҰ дамуының перспективаларын және Циндао қаласындағы болатын саммит туралы талқылады. 

Басылымдар