Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жыл

2018 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жастардың гуманитарлық білімі –қоғамдық сананы жаңғыфртудың маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Ирина Черных 2018 жылы 4-7 сәуірде (АҚШ) Сан-Франциско қаласында өткен «Ережелер билігі және билік ережелері»  (Power of rules and rules of power) атты жыл сайынғы 59-конвентке қатысты.

4 сәуір күні Астанада Қытайды зертттеу орталығы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, ҚР ҚХР Елшілігі бірігіп ұйымдастырған тақырыптық семинарлар аясында қазақ-қытай қатынастарының экономикалық емес аспектілеріне арналған «Заманауи жібек жолы – тек экономика емес» атты шара өтті. ҚСЗИ тарапынан директорының орынбасары Санат Көшкімбаев және Халықаралық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анастасия Решетняк қатысты.

2017 жылдың 27 наурызында Астанада «Заманауи Қытай: сұрақтар және жауаптар» атты тақырыптық семинарлар аясында Қытайды зерттеу орталығы мен Қазақстандағы ҚХР Елшілігі бірігіп ұйымдастырған «Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы: негізгі қорытындылары мен қазіргі заманғы Қытай үшін тарихи маңызы» атты кезектәі шара өтті.

2018 жылдың 28 наурызы күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Корея Республикасының Ұлттық Дипломатиялық академиясының (KNDA KҰДА) және Сыртқы істер және ұлттық қауіпсіздік институты ((IFANS – СІҰҚИ) өкілдері: КҰДА ректоры Чо Бенг Дже, еуропалық және африкалық зерттеулер департаменті профессоры Ко Дже Нам, доцент Ли Хиенг, СІҰҚИ профессоры Джун Бонггын, зерттеушілер Хан Михэ мен Ие Джисон, Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ-Сик, кеңесші-елші Хан Ман Чун, саяси кеңесшісі Ким Чжин Донг, саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Дәулет Ибраевпен кездесу өтті.

2018 жылдың 20-23 наурызында Исламабад қаласында  Орталық Азия елдерімен байланысты нығайтуға бағытталған «Пәкістан: Орталық Азия республикалары үшін мүмкіндіктер елі» атты халықаралық семинар өтті. Семинарды Пәкістан Үкіметі жанындағы Ұлттық қауіпсіздік департаменті Жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығымен (CGSS) бірлесе отырып ұйымдастырды.

2018 жылдың 14 наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерінің Әскери институтында «Кадрларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері: оларды қазіргі кезеңде шешу жолдары» атты ведомствоаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Конференция аясында курсанттарды оқыту мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық мәселелерінің кең ауқымы, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі әскери білім берудің проблемалық аспектілері, оқу үдерісіне заманауи инновациялық және ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

2018 жылдың 15 наурызында Астана қаласында «ФинТех» Қазақстандық Қауымдастығының ұйымдастыруымен көпшілікке арналған қаржылық қолжетімділігін арттыру контекстіндегі онлайн кредиттеу нарығын дамытуға арналған «Қаржы қолжетімділігін арттыру әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың факторы» атты дөңгелек үстел өтті. 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (KAZISS) ұйымдастыруымен Орталық коммуникациялар қызметінде «5 Президенттік бастама: әлеуметтік мемлекеттің қазақстандық үлгісі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Страница 5 из 8

Басылымдар