Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылдың 25 маусымы күні ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Астана - дамудың 20 жылы: мемлекеттік басқарудың жаңа серпіні» атты тақырыпта Kyzmet talks TEDex конференциясын өткізді.

Өткен Kyzmet talks мақсаты – мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті реформалау процесінде алынған сабақтар негізінде болашақ даму стратегиясының нақты үлгісін жасау және де заманауи мегатрендтер мен қатерлер тұрғысында Астананың және жалпы еліміздің тұрақты дамуының басым мақсаттары мен міндеттерін тақылау.

Конференция спикерлері: Л.Н. Бурлаков, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару басқару академиясының Басқару институтының профессоры; А.Е Әбдіқадыров, Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы; Р.З.  Мұхаметқалиев, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Ж.О. Тілеукенов, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет департаментінің директоры. Кездесуді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер институтының директоры А.Көшербаева жүргізді.

Конференцияға қатысушылар: ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, Астана қаласының әкімдігінің, мемлекеттік органдар мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері қатысты.

AGLENV4G

Спикерлер өз баяндамаларында мемлекеттік басқарудың тиімді реформаларын одан әрі жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. Олардың ішінде адами капиталдың шығармашылық әлеуетін басқару, мемлекеттік басқарудың сапасын көтеру және халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға бағытталған шаралар ерекше орын алады. Үкімет икемділігі, оның заманауи мегатрендтер мен қатерлерге шұғыл әрекет етуге дайындығы және мүмкіндігінің болуы маңызды факторлар болып саналады.

Пікіралмасу қызықты және қарқынды деңгейде өтіп, конференция өткізу үшін жаңа форматтың тиімділігін көрсеттті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Kyzmet talks TEDex конференциясының жаңа үлгісі, осы жылдың күз айларынан бастап белсенді түрде жүргізіле бастайды.

Басылымдар