Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жыл

2018 жылдың 6 наурызында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Елбасының Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жария еткен үндеуіне арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: жаңғыртудың жаңа белестері» атты сараптамалық талқылау өтті.

2018 жылдың 4 наурызында Бейжіңде өткен «Белбеу және жол» құрылысындағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (KazISS) қызметкерлері Достастықты қолдау жөніндегі Бүкілқытайлық қауымдастығының (CAF - ВАСД) делегациясымен кездесті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (IMAP) ұйымдастыруымен, 2018 жылдың 1 наурызы күні Астана қаласында «Орталық Азия: ынтымақтастықтың келешегі және қауіпсіздік мәселелері» атты  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдар басшылары мен жауапты қызметкерлері, сараптамалық қауымдастық мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

2018 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстан-Ресей: болашаққа бағытталған одақтастық» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдардың басшылары мен жоғары  лауазымды тұлғалары, танымал ғалымдар, аналитикалық құрылымдары мен басқа да ұйымдарының өкілдері қатысты.

2018 жылы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (KAZISS) директордың орынбасары Санат Көшкімбаев және ғылыми хатшы Қазбек Исаевтың Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтының (САЗИ) директорының орынбасары Ботир Турсуновпен кездесуі өтті. 

2018 жылы 22-23 ақпанда Астана қаласында Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі ұйымдастырған «Орталық Азия – Еуропалық Одақ қатынастарының 25 жылдығы: өткеннен болашаққа дейін» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шара Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінен 150-ден астам адамды, оның ішінде дипломатиялық корпустың өкілдерін, сарапшылар қауымдастық, қоғам қайраткерлерін, азаматтық қоғам, бизнес қауымдастықтарын, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін жинады.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті Архиві бірлесе отырып, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді талқылауға арналған «Қазақстан модернизациялау әлеуеті: өсу нүктелері» атты дөңгелек үстел өткізді.

2018 жылдың 15-ақпанында Аблайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де «Қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастыру және дамыту мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты Форум аясында Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының талқылауы өтті.

2018 жылдың 31 қаңтарында Пенсильвания Университетінің «Global Go To Think Tank Index Report» атты «аналитикалық орталықтардың» әлемдік беделді рейтингісі саналатын дүниежүзіндегі зерттеу және талдау орталықтарының жыл сайынғы рейтингісі жарияланды.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Жалпы жиналысының отырысы өтті. Сессия жұмысына академиктер, ҚР ҰҒА құрметті мүшелері, университеттің ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Страница 6 из 8

Басылымдар