Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылдың 2 шілдесінде Астананың 20-жылдығына арналған «Азаматтық қоғам институттарының Астана қаласының дамуына үлесі» атты сарапшылық топ отырысы өтті. Ұйымдастырушы – ҚР Қоғамдық даму министрлігі. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, саяси партиялар, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан шараға Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Қасымова Г.М., Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Садықов Б.Э. қатысты.

3pwqcq9K

Қатысушыларға арналған кіріспе сөзді ҚР Қоғамдық даму вице-министрі А.Н. Нүкенов сөйлеп, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ықпалдасудың үлгісі болып табылатын азаматтық қоғамды қалыптастыру барысындағы Астананың маңызы мен рөлі туралы атап айтты.

Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясы төрағасының орынбасары Е.Б. Сайыров Астананың, әсіресе, жастар арасындағы интеграциялық күшін атап көрсетті. Қаланың «тәуелсіз мемлекеттің әлеуметтік ландшафтындағы нышанына» айналған бренд, бірегей жоба екендігін айтты. «Ақылды қала» жобасы, цифрландыру бағдарларламасы тәрізді жоба нәтижелерінің елдің басқа өңірлеріне жағымды ықпал ететіндігі айтылды.

Сонымен қатар, сарапшылардың айтуы бойынша, ҮЕҰ жүзеге асырып отырған жобалардың саны 500-ден асып отыр. Астанада азаматтық қоғамға тікелей ықпал ететін бірнеше коммерциялық емес ұйымдар бар.

«Ардагер» ҚҰ президенті Б.ТАхметжарова тығыз ықпалдастықтың тек ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында ғана емес, сонымен қатар тікелей коммерциялық емес ұйымдар арасында да орын алып отырғанын және бұл олардың жұмыстарының тиімділігіне жағымды әсер ететіндігін атап көрсетті.

«Азаматтық инициативаларды қолдау орталығы» ААҚ өкілі Астананың белсенді өңірлердің бірі екендігіне және ондағы жоба санының жыл сайын ұлғайып отырғандығына назар аударды.

«Десента» ҚҚ директоры С.Н. Гуляев Қазақстанда 1790 ҮЕҰ-дың тіркелгендігін, олардың 242-сі белсенді жұмыс істейтіндігін атап айтты. Қазіргі коммерциялық емес ұйымдардың басым бөлігі азаматтардың құқығын қорғау, жастар мәселесі, гендерлік мәселелер, экология, қайырымдылық және басқа да өзекті тақырыптар бойынша әлеуметтік аспектілерге ие.

Қорытындылай келе, сарапшылар жұмыс істейтін ҮЕҰ-ға аудит жүргізу мен жұмыс істемейтін ҮЕҰ-ды ликвидациялау үдерісін жеңілдетуге байланысты бірқатар ұсыныстар берді.

yiSytg7j

Басылымдар