Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2017 жыл

2017 жылыдың 23 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында, Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасының 20 жылдығына арналған «Казахстан-2030» дан «Казахстан-2050» дейінгі: қалыптасқан мемлекеттің стратегиялық серпіні» атты тарихи құжаттық және кітап көрмесінің ашылу салатанаты өтті.

2017 жылыдың 23 қарашасында Алматы қаласында КИМЭП Университетінің Орталық Азиялық зерттеулер Орталығы мен Фридрих Эберт атындағы Қор ұйымдастыруымен «Көршіден де артық: қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының саяси және экономикалық аспектілері» атты дөңгелек үстел өтті.

ДЖУНУСОВА Ж.Х.. ҒАЛЫМ. САЯСАТТАНУШЫ. ТҰЛҒА. ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР МЕН ЕСТЕЛІКТЕР ЖИНАҒЫ / ЖАУАПТЫ РЕД З.К. ШӘУКЕНОВА. — АСТАНА: ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ, 2017. — 400 Б.

2017 жыл 10-11 қарашада Самарканд қаласында (Өзбекстан) Орталық Азиядағы қауіпсіздік және орнықты даму жөніндегі «Орталық Азия: бір өткен және бір болашақ, тұрақты даму және өзара өркендеу үшін ынтымақтастық» атты халықаралық конференциясы өтті.

2017 жылдың 26-27 қазаны күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ Конгресс орталығында «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» тақырыбында IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2017 жылдың 24-25 қазанында Стамбулда (Түркия) БҰҰ ұйымдастырған - «Ауғанстанға қолдау көрсету жөніндегі БҰҰ-ның миссиясы (МООНСА) – ТРЕК 2» атты халықаралық сараптамалық талқылау өтті

6 қазанда Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (ММХҚИ) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына арналған «Қазақстан мен Ресей: достық пен стратегиялық әріптестік 25 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2017 жылдың 26 қазанында Алматы қаласындағы ҚСЗИ өкілдігінде Джордж Маршаллдың Еуропа қауіпсіздік орталығының профессоры Грегори Глисонмен кездесу өтті. Қазақстан тарапынан сараптамалық отырысқа Өкілдік басшысы Мәдина Нұрғалиева және аға ғылыми қызметкер Гүлнара Мұхатаева қатысты.

2017 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында директор Зарема Шаукенова мен Хоккайдо университетінің Славян зерттеулер орталығының профессоры, PhD докторы, ҚСЗИ ғылыми-талдамалық «Қоғам және Дәуір» журналының редакция кеңесінің мүшесі Уямо Томохико  (Жапония) кездесті.

Страница 1 из 2

Басылымдар