Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Санат Көшкімбаев,  https://kaz.365info.kz/ozgerister-kharsanynda-prezident-khantardagy-okhigalardyn-sebepterin-atady-359013?fbclid=IwAR1Pb-E-5xa-1U7v7xgb3CNE2SAK-9LVYj222MIHPMngNVH0BvsxJy1wzk4

11 қаңтарда мемлекет басшысы және министрлер кабинеті мүшелерінің міндетін атқарушылар мәжіліс отырысына конференция режимінде қатысты. 5 қаңтарда отставкаға кеткен Асқар Маминнің орнына Әлихан Смайылов жаңа премьер-министр болды. Бірақ кадрлық тағайындаулардан басқа, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы мемлекеттік төңкеріс әрекетінің себептері мен салдарын талдауға бір сағатқа жуық уақыт арнады. Ең алдымен, мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен мен оның қаңтардағы апатты оқиғаларды жіті бақылап, талдау жасағанын атағым келеді. Ол қоғамда, мемлекеттік басқару жүйесінде және күштер блогындағы проблемаларды жақсы біліп отыр. Белгілеген реформалар бағыттары пісіп-жетілді, жаңа үкімет байыпты жұмыс істеуі керек.

 

Басылымдар