Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

 

13 желтоқсан 2018 ж. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жаңа өркениеттік контекстегі тіл, мәдениет, ғылым» тақырыбындағы халықаралық симпозиум өтті.

Симпозиумды Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова ашты.

Сонымен қатар, симпозиум жұмысына Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі Алексей Коропченко, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастық Өкілдігінің басшысы Константин Воробьев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы Айгүл Сәдуақасова, Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті оқытушылары қоғамының президенті Элеонора Сүлейменова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков қатысты.

Ғылыми симпозиум көп ұлтты қоғамда тілдің дамуы, гуманитарлық ынтымақтастық саласында халықаралық қатынастарды тереңдету мен кеңейту сынды маңызды лингвистикалық мәселелерге арналды.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтынан халықаралық форум жұмысына әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асара Мұқанова қатысты.

Форум өз жұмысын 16 желтоқсанда Мәскеу қаласында аяқтайды.

Басылымдар