Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жыл

2018 жылдың 31 қаңтары күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Анна Альшанская Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында ҚР Президентінің Жолдауы «Төртінші индустриялық революция тұрғысында дамытудың жаңа мүмкіндіктері» талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысты.

2018 жылдың 30 қаңтарында Why Think Tanks Matter 2018 әлемдік форумы аясында «Қазақстандағы ақыл орталықтарының рөлі» атты конференция өтті, шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен АҚ «Экономикалық зерттеулер институты» және Елбасы Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына арналған «Қазақстанның бейбітшілікті қолдау миссиясы» атты дөңгелек үстел өтті. 

2018 жылдың 26 қаңтарында Астана қаласында «Қытай коммунистік партиясының XIX съезінің рухы» атты таныстыру конференциясы өтті. Бұл конференцияда 2017 жылдың қазан айында өткен Қытай Коммунистік партиясының XIX-шы Съезінің қорытындылары ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар Си Цзиньпиннің Бүкілқытайлық конгресте ұсынылған «Орташа ауқатты қоғам құруда толық жеңіске жету, қытайлық ерекшеліктері бар социализм жеңісіне қол жеткізу» атты баяндамасымен таныса алды.

2018 жылдың 24 қаңтары күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, белгілі экономист-ғалым Вячеслав Юрьевич Додоновтың «Жапонияның экономикалық өсімі өзгерісінің қаржы факторларды» атты монографиясының тұсаукесері өтті.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары қызметіне тағайындалды Мадина Маратқызы Нұрғалиева бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы қызметін атқарады.

2018 жылдың 18 қаңтарында Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (KAZISS) ұйымдастырған «2018-Жолдаудың стратегиялық міндеттері: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

«Астана қаласының төмен көміртекті дамуға өтуінің келешегі мен тетіктері» атты дөңгелек үстел жұмысы Асатан қаласының әкімі Әсет Исекешевтің арнау сөзімен басталды. Әкім өз сөзінде табиғи ресурстарды пайдалану бойынша және бизнестің энергия тиімділігін арттыру мен энергия үнемдеуіне, және де энергия өндірушілердің экологиялық талаптарды сақтауына қатысты тиімді шаралар қабылдау қажеттілігіне тоқталды.

Страница 7 из 8

Басылымдар