Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

12 маусымда Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің «ҚХА XXVI Сессиясының тапсырмаларын орындау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сарапшылық қолдау туралы» кеңейтілген отырысы өтті. http://lenta.inform.kz/ru/ank-pristupit-k-realizacii-proekta-kazaktanu_a3286374

«Қазақстан халқы Ассмаблеясының XXVI Сессиясының қорытындылары мен ҚР Президенті тапсырмасын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің ғылыми-сарапшылық міндеттері» туралы кіріспе сөзімен ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Л.А.Прокопенко сөйледі.  

Отырыс барысында мемлекеттік орган өкілдері – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі А.Р. Райымқұлова, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі М.С. Жүнісбекова,  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.С. Арын және ҒСК мүшелері – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ЭКҚЗО жетекшісі А.К. Сәдуақасова, ҚХА кафедраларының төрағасы, Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының  меңгерушісі А.А. Башмаков,  ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.К.Шәукенова сөз сөйледі.

3rVkpsfR qHxys2LG

Өзінің «Елбасының  – ҚХА Төрағасының негізгі бастамаларын ғылыми-сараптамалық қолдау туралы» баяндамасында ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін ғылыми-сараптамалық қолдау шеңберінде ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен аймақтардың ғылыми-сарапшы топтары Елбасының бастамаларына сарапшылық қолдау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын кеңейткенін атап өтті. Сонымен қатар, коммуникацияның заманауи үрдістері мен технологияларын ескере отырып, ҚХА ғылыми қоғамдастығының мүшелері жұмыстың нәтижелі форматын пайдаланып отыр. Халықтың басым бөлігін қамту мақсатында ҒСК жол жүретін отырыстар мен шараларды ұйымдастыруды пайдаланып отыр. Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінің ғылыми-зеттеу жұмыстары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік бастамаларының негізгі ережелерін түсіндіретін монографиялар басылып шығарылады.

Сонымен қатар, ҚХА ҒСК мүшелерінің жоғары өкілділігі мен белсенділігі ескеріле отырып, әлеуметтік желілерде олардың Елбасының қоғамдық-саяси және әлеуметтік бастамалары бойынша ойларына қатысты жазбалар мен  пікірлер қалдырылады. Қоғамдық өмірдің онлайн-ырғағын ескерер болсақ, бұл барлық ҚХА сарапшылық қоғамдастығы жұмысының нәтижелілігінің көрсеткіші болып отыр.

Қазақстан халқы Ассмаблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі кеңейтілген отырысының мүшелері ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-ді 25- жылдығымен жылы құттықтап, Институттың келешегіне сәттіліктер тіледі.

https://egemen.kz/article/170313-qkha-ghylymi-sarapshylyq-kenhesininh-kenheytilgen-otyrysy-oetti

https://aikyn.kz/2018/06/13/56378.html

https://www.inform.kz/kz/kha-gylymi-sarapshylyk-kenesinin-zhumysy-korytyndylandy_a3286415

 

 

Басылымдар