Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 ж. 6 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрлігі Отбасы күні қарсаңында «Қазақстан қоғамын жаңғырту үдерісіндегі отбасының рөлі».тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Меруерт Қазбекова, Бақытбек Смағұл, Ирина Смирнова және белгілі қоғам қайраткерлері мен отбасылық және отбасылық тәрбие мәселелерін зерттейтін ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

otJoXwiK

Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев өз сөзінде Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасысын жаңарту, отбасылық саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жол картасын дамыту бойынша жұмыс жүргізу қажеттілігін атап өтті. Министрдің айтуынша, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, бойынша жұмысты, мәдени білім беру және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтау, отбасыларға кәсіби көмек көрсететін қызметтерді институционалдық нығайту (әлеуметтік қызметтер, дағдарыс орталықтары, сенім телефондары) үшін шаралар қабылданатын болады. Бұдан басқа, отбасын нығайту үшін ғылыми мекемелер мен орталықтармен жұмыс істеу жоспарлануда.

5dFghDdy

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ директоры, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зарема Шаукенова баяндама жасап, отбасы әрбір жеке адам өмірінде маңызды атқаратындығын және отбасы қызметін маңызды әлеуметтік институт ретінде тану отбасы амандығының маңызды шарты болып табылатындығына тоқталды. (презентациясы).

«Дөңгелек үстел» барысында отбасының амандығының негізгі әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері, соның ішінде, сондай-ақ әлемдік үрдістер мен Қазақстандық деңгей, отбасы дамытудың халықаралық тәжірибесі талқыланды.

iULgDgx8

Басылымдар