Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Ағымдағы жылдың 27 маусымы күні Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ұлы астаналар – ақылды қалалар» халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Ақыл орталықтарының» басымдықтары: жаңа шынайылықты қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Еуразиялық интеграция институты мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірігіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел спикерлері: Марина Можейко, Белорусь мәдениет және өнер мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы, Назиржон Назаров, «Азаматтық бастамаларды іске асыру үшін орталығы» ҚҚ сарапшысы, сондай-ақ басқа да халықаралық және қазақстандық сарапшылар қатысты.

KKyqWcGM

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Ләззат Нұрқатова дөңгелек үстелдің тең модераторы болды. Өзінің алғы сөзінде Л.Т. Нұрқатова қатысушылардың назарын ҚСЗИ құрылғанына 25 жыл толғанына аударды. Сондай-ақ, еліміздің жетекші талдау орталығының негізгі нәтижелері мен жетістіктері туралы айта келіп, ҚСЗИ Пенсильвания университетінің 2017 жылға арналған “Global Go To Think Tank Index Report рейтингінде әлемнің 7815 «орталықтары» арасында 140 орынды иелендігін атап өтті.


1vrUc1mHДөңгелек үстел сарапшылар арасында ақылды қалаларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған, сараптамалық қауымдастықтың өзара халықаралық ақпарат алмасуды жетілдірудің өзіндік платформасына айналды. Спикерлер мен қонақтар шараға қатысушалырды Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтады.

Басылымдар