Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылдың 4 мамыры күні Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының жыл сайынғы форумы аясында ҚСЗИ мен  Пәкістан Ислам Республикасының Жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығы (ЖСЗО) қызметкерлерінің қатысуымен сарапшылар кездесуі өтті. Пәкістан жағынан ЖСЗО вице-президенті Хафиз Масрур Ахмед, ЖСЗО консультативтік кеңесі мүшелері  Джавад Маджид Хан мен Тайар Хайдер, және  Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің орынбасары Вакас Ахмедқатысты.

ҚСЗИ тарапынан директор Зарема Шаукенова, директорының орынбасары Санат Көшкімбаев, ғалым хатшы Қазбек Гаделшиев және Слямжар Ахметжаров қатысты.

oshFdLNH

Талқылау барысында Хафиз Масрур Ахмед экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша маманданған, жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығының қызметі туралы, сондай-ақ ұлттық және аймақтық қауіпсіздік аспектілері бойынша ақпарат берді. Хафиз Масрур Ахмеда айтуынша, ЖСЗО қазір Орталық Азия, әсіресе Қазақстанның сараптамалық орталықтармен ынтымақтастықты кеңейтуге зор маңыз береді.

7hI6IOkn

Өз кезегінде, ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова институтының құрылымы және оныңқызметінің негізгі бағыттары қонақтарды таныстырды. Сонымен қатар, ол қазіргі кезеңдегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі мақсаттарын, экономикалық және саяси реформалардың басым бағыттары міндеттері мен Қазақстанда жүзеге асырылатын институционалдық реформалар аралық нәтижелеріне тоқталды.

Тараптар Пәкістан Ислам Республикасының Жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығы және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет танытты. Қазақстан мен Пәкістанның сараптамалық қауымдастықтар арасындағы ғылыми ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде өзара қызығушылық өзекті халықаралық және екі жақты мәселелер бойынша бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу арқылы жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Басылымдар