Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылдың 27 сәуірде Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде (КМТИУ), мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «Тарихты зерделеу: Қазақстанның сакральды картасы» сараптамалық отырысы өтті. Шараны Маңғыстау облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты және «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық бюросы ұйымдастырды.

Кездесуге Маңғыстау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім басшылары мен қызметкерлері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Маңғыстау облыстық сараптама кеңесінің мүшелері, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау офисінің қызметкерлері, Ш. Есенов атындағы (КМТИУ) оқытушылары қатысты.

ҚСЗИ тарапынан бас ғылыми қызметкер, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы,  Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина мен аға ғылыми қызметкер Жанар Санхаева қатысты.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ өкілдері – Берік Әбдіғалиұлы «Қазақстанның киелі жерлері», ал Алуа Жолдыбалина «Қоғамдық сананы модернизациялау: сарапшылардың көзқарасы» атты тақырыпта баяндама жасады. 

egfLV9Bc

Берік Әбдіғалиұлы өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдық жоспары аясында Ақмола және Алматы облыстарының, Астана және Алматы қалаларының аумақтарындағы киелі жерлерінің энциклопедиясының бірінші томы шығарылғанын атап өтті. 2018 жылы энциклопедия Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына арналады. Жергілікті өлкетанушы-ғалымдармен бірге кітаптарды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

3HqXOR0g

Алуа Жолдыбина «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сараптамалық зерттеулердің деректерін ұсынды. Зерттеу нәтижелері бойынша қоғамдық сана мен оның жобаларын

Спикер подчеркнула, что сейчас началась активная волна обсуждений недавно презентованных 18-ти учебников по гуманитарным дисциплинам в рамках проекта «Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке». Ценность данных книг и в целом данного проекта заключается в том, что у современных студентов открывается доступ к лучшим учебникам, которые используются в ведущих университетах мира. В 2018 году будет переведено еще 30 учебников.   жаңғыртудың негізгі бағыттары бойынша Бағдарламаны іске асырудан кейін қоғамда жағымды көзқарас қалыптасады (83,3%). Сауалнама сондай-ақ халықтың Мемлекет басшысының «Латын әліпбиіне бірте-бірте көшу» атты мақаласының жобалары мен бағдарламаларын жақсы білетіндігін көрсетті (80%); «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» (70%); «Қазақстанның аграрлық географиясы» (60%); «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық»(56,7%); «Туған жер» (53,3%); «Қазіргі жаһандық әлемдегі қазақстандық мәдениет» (46,7%). Сонымен қатар, осы жобаларға мемлекеттік қолдау деңгейі өте жоғары.

Баяндамашы қазір «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының аясында гуманитарлық пәндер бойынша 18 оқулықты талқылаудың белсенді толқыны басталғанын атап өтті. Бұл кітаптардың және жалпы жобаның құндылығы – заманауи студенттердің әлемнің жетекші университеттерінде қолданылатын үздік оқулықтарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді. 2018 жылы тағы 30 оқулық аударылады.

64rlm4rI

Маңғыстау облысының рухани құндылықтарын сақтау мен қорғау және олардың кейінгі ұрпаққа одан әрі таратылуы туралы пікірлерін мемлекеттік қызмет ардагері, жергілікті өлкетанушы Әлқажан Еділхан, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры Нұрлан Көлбаев, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры Бибайша Нұрдәулетова, Ш. Есенов атындағы (КМТИУ) доцентіЭльвира Абланова ортаға салды. «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық бөлімінің бастығы Г. Азанова және ғылыми қызметкер С. Құдайберген қатысушыларды Маңғыстау облысындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар мен іс-шаралармен таныстырды.

Кездесу барысында сарапшылар өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларды талқылап, келешекте негізгі қызметті жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізді.

Басылымдар