Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жас мамандары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 12 сәуірде ұсынылған 18 оқулықтың («Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы), экономикалық бағыты бойынша жаңа оқулықтарды талқылады. Талқылауға Қазақстан Республикасы Президенті  жанындағы ҚСЗИ-да дипломалды тәжірибеден өтіп жатқан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен магистранттары қатысты.

Іс-шараның модераторы – Ақпараттық-аналитикалық жұмыс бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова, қазіргі заманғы оқу үдерісінде «100 жаңа оқулық» жобасының өзектілігі мен қажеттілігін, бұл жобаның арқасында жастар үшін жаһандық ғылым мен білімге қолжетімділік кеңейтілетін болатынын атап өтті. Бұл жоба ағылшын тіліндегі ғылыми және оқу әдебиеттеріне деген қызығушылық тудыратындықтан, студенттер авторлардың басқа да жұмыстарын оқуды жалғастырады. Модератор «Жаңа оқулықтар білімнің нағыз энциклопедиясы болып саналады. Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оның мазмұны да маңызды» деген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзін келтірді.

QnJr2oP2

Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анна Алшанская кәсіпкерлік білім беру бойынша іргелі оқулықтар кәсіпкерлік тапты дамыту мен қалыптастырудың маңызды элементі деп атап өтті. Бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді дайындау біздің еліміздің экономикасын тұрақты дамыту үшін маңызды. Осылайша, Техас университетінің жетекші профессоры Рикки Гриффиннің «Менеджмент» («Management») оқу құралы заманауи бәсекеге қабілетті әлемде бизнесті басқару бойынша теориялық материалды және озық тәжірибе жинақтады.

Технологиялық өзгерістер және «жасыл экономиканы» дамыту жағдайында басқару модельдерін қайта құру мәселелері бөлек қарастырылады. Сондай-ақ, 12 сәуірде кәсіпкерлік білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы Дональда Ф. Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» («Entrepreneurship: theory, process, practice») кітабының таныстырылымы өткен болатын.  Оқу-әдістемелік құралдың негізгі мақсаты – болашақ менеджерлердің инновациялық кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру және ойлау.

fXTHaSUl

Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Слямжар Ахметжаров, әріптестерін әлемдегі ең үздік университеттерде қолданылатын, экономикалық теория саласындағы ең танымал оқу құралдарының бірі және ең көп сатылатын бестселлер болып табылатын Г. Мэнкью және М. Тэйлордың «Экономикс» («Economics») оқулығымен таныстырды. Басылымның айрықша ерекшелігі – бұл сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы, өндіріс шығындары, бәсекелестік нарықтағы фирмалардың мінез-құлқы, тұтынушылардың таңдауы және басқа да қағидалар сияқты нақты экономикалық жағдайларды мысал ретінде пайдалану арқылы толық түсініктеме. Бұл кітап тек жоғары оқу орындарында экономикалық теорияның негізгі курсын оқитын студенттер үшін ғана емес, сонымен қатар экономиканың негізгі заңдарының адамның күнделікті өміріне әсерін білуге қызығушылық танытатындардың бәріне де қажет.

EhKpOzpu

Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінінң ғылыми қызметкері Бекжан Садықов профессор Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» («The Fourth Industrial Revolution») аударылған кітабына қатысушылардың назарын аударды. К. Швабтың кітабы – ақпараттық дәуірдің осы жаңа түсінігі, алдағы өзгерістер, оның тезисі мемлекеттік стратегиялық бағдарламалардың негізі болды, мысалы, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы.  «Төртінші индустриялық революция» мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттарын түсіну үшін қазақстандық оқырмандардың кең ауқымына бағытталған. Кітап «Өнеркәсіп 4.0» заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыру жағдайындағы рөлі жыл сайын өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін өте маңызды.

Институттың жас қызметкерлері «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім» «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулықтар» жобасын одан әрі іске асырудың сәттілігіне және жаңа оқулықтардан, ғылыми зерттеулерден және тәжірибеден алынған білімді белсенді пайдалануға болатындығына сенімді.

Басылымдар