Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

24 сәуірде  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылып жарияланған «Ө.Т. Қасенов – алғашқы «ақыл» орталығының бірінші басшысы»» кітабының таныстырылымы өтті (шара туралы бейне-баян).

Таныстырылымға кітапқа енгізілген мақалалардың авторлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, саяси партиялар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ғылыми-сараптамалық құрылымдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Кітап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (1993-1997 ж.ж.) бірінші директоры, институтты қалыптастыруға үлкен үлес қосқан қазақстанның танымал халықаралық қатынастанушы-ғалым Өмірсерік Төлешұлы Қасеновқа арналған.  Елбасының жақын әріптестерінің бірі болған Ө.Т. Қасеновке  жаңа зерттеу құрылымын құру сеніп тапсырылды, ол орталық кейіндері халықаралық сараптама ортада жоғары беделге ие болып, елдің сараптамалық брендіне айналды.

Кітапқа Ө.T. Қасеновтың таңдамалы еңбектері, бірге жұмыс істеген ҚСЗИ қызметкерлерінің, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, саясаткерлердің, дипломаттардың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, сондай-ақ оның достары мен туыстарының естеліктері кірді.

LrrIJDEm

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ тарихы ширек ғасырлық қызметі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен және Тұңғыш Президент– Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атымен тығыз байланысты екендігіне ерекше назар аударды. ҚСЗИ Президенттің «төл тумасы», ол Институтты әрдайым өз назарында ұстап келеді. ҚСЗИ директоры осы басылымға дайындауға қатысқандарға, әсіресе мақалалар авторларына, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты құрылуының алғашқы жылдары туралы, оның бірінші жетекшісі Ө.Т. Қасенов туралы, ел тарихында, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ тарихында, әріптестері мен студенттердің өмірінде айтарлықтай із қалдырған көрнекті тұлға, ғалым, публицист, ұйымдастырушы, адам туралы естеліктерімен бөліскені үшін алғыс білдірді.

Танысытырылым арнайы дайындалған бейне-баян және ҚСЗИ жас сарапшылары Слямжар Ахметжаров пен Анастасии Решетняк (Ө.Т. Қасенов атындағы грант иегері, 2015 ж.)баяндамаларымен ашылды. Олар, институттың бірінші директорының сабақтастығы бүгінгі таңда сақталып келе жатқанын, ҚСЗИ негізгі активі мен әлеуеті әрқашан белсенді өмірлік ұстанымымен патриоттық сезімімен ерекшеленетін, өз жұмысына, елге деген адалдығымен, Елбасының бағытын қолдайтын адамдар болғанын және болатыннын атап өтті.

                  NE1l8EpPfXTHaSUl

FswopUbq

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, саясаттануғылымдарының докторы, академик, белгілі мемлекет қайраткері Төлеутай Сүлейменов өз мекемесі мен ҚСЗИ арасындағы тығыз ынтымақтастықтың тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқандығы туралы айтты. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ бірінші директоры, ММХҚИ түлегі және ағылшын жетік тілін білетін кәсіби халықаралық қатынастанушы Ө.Т. Қасенов Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының қалыптасуына баға жетпес үлес қосқанын атап өтті. Ө.Т. Қасенов Ядролық қаруды таратпау проблемаларын зерделеу және еліміздің СНВ-1 шартына қатысуы бойынша аналитикалық құжаттарды әзірлеуге белсене қатысқандығына тоқталды. Ол Институттың әлемдегі ең ірі ғылыми-зерттеу мекемелерімен және ғалымдарымен байланыстарын нығайтты. Төлеутай Сқақұлы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты құрылу кезеңіндегі қиындықтарға, оған ел басшылығының жүктеген міндеттеріне, оған Президент сенімінің жоғары деңгейіне тоқталып өтті. Ө.Т. Қасенов ҚСЗИ-да өз кәсіби мамандар тобымен белсенді жұмыс істеп, мемлекеттілігімізді қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Мерейтой жылында қазақстандық дипломатия ардагері ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ командасына өз жұмысында жоғары деңгейді сақтауды жалғастыруды тіледі.


DmyUnUe2

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Қуаныш Сұлтанов өз сөзінің басында Президенттік талдау институтының құрылғанына 25 жыл толуына арналған кітап таныстырылмының осы күні өтуінің символикалық мәніне тоқталды. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымы енгізілген еді. Бұл күн ҚСЗИ бірінші директорының туған күнімен сәйкес келеді, бұл туралы Ө.Т. Қасенов бірнеше рет айтқан болатын. Ол өз естелігін Ө.Т. Қасеновтың Қазақстанның КЖЛК ОК жұмысы кезінен бастады. Ө.Т. Қасенов сол кездің өзінде ғылыми, аналитикалық жұмыстармен айналысуды армандаған. Бірнеше жылдан кейін ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры лауазымына тағайындалды – оның арманы жүзеге асты, бұл оның армандағын жұмысы – қызықты және шығармашылық еңбек болатын. Қуаныш Сұлтанұлының айтуынша, Өмірсерік Қасеновтің патриотизм рухы жоғары болды. ҚСЗИ-дың сол кезеңдегі талдауы Қазақстан Республикасының стратегиялық перспективаларын қалыптастыру үшін қажет болды, сонымен бірге біздің еліміздің интеллектуалды капиталын көрсетті және нығайтты. Біздің Республикамыздың осы саласы бойынша Ө.Т. Қасенов өзінің лайықты орнын алды, мемлекеттің жетістігі үшін «ақыл» орталықтарының жүйелілігін және қажеттілігін дәлелдеді.

hoYlA7q5

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жапсарбай Қуанышев өз сөзінде аналитикалық құрылымдардың қалыптасу тарихын, сондай-ақ осы уақытта жаңа институттар қалыптастыру қиындығын атап өтті. Осындай құрылымдар құру қажеттілігін басшылық түсінді, ал алғашқы ақпараттық-аналитикалық орталық Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде М.М. Тажиннің бастамасымен құрылды. Бұл дарынды талдаушылар тобы – Сәбит Жүсіпов, Асылбек Бисенбаев, Лев Тараков, Асқар Ахметжанов, Алма Сұлтанғалиева, Серік Сейдуманов, Мақаш Тәтімов және басқалар еді. Осы құрылымда Жапсарбай Ильясұлы да жұмыс істеді. Олардың көпшілігі ҚСЗИ тарихымен байланысты болады – Лев Тараков және Алма Сұлтанғалиева кейінірек Институт директорлары, Сабит Жүсіпов, Мақаш Татымов, Асқар Ахметжановда ҚСЗИ жұмыс істеді. ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының бірінші орынбасары, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің талдау орталығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаев, кейінірек, 200 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры болып тағайындалды.

Ал 1993 жылы жеке талдау институтын құру туралы шешім қабылданды – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ құрылды. Бірінші директор Ө.Т. Қасенов басқарған Институт еліміздің әлеуметтік-саяси өміріндегі стратегиялық бағдар болуы мүмкін еді. Оның талдау жұмысының негізінде маңызды саяси шешімдер қабылданды және маңызды келіссөздер процестерінде негізгі ұстанымдар жасалды. Ж.И. Қуанышевтың ойынша, ҚСЗИ жаңа идеялар мен жобаларды таратуға мүмкіндік беретін арнаға айналды, бұл оның негізгі ерекшелігі болатын. ҚСЗИ сонымен қатар әлемдік деңгейде Қазақстанның халықаралық беделін қалыптастыруға үлес қосты. ҚСЗИ талдаулары бастапқыда геосаяси үрдістерді зерттеуге бағытталғанына қарамастан, Ө.Т. Қасенов көп қырлы тұлға еді, ол экономист, тарихшы және халықаралық қатынастанушы ретінде институттың дамуының дұрыс координаттарын белгіледі, бұл кейінгі басшылар үшін өте үлкен көмек болды. Бүгінде ҚСЗИ күшейту, жетілдіру және дамыту сияқты құбылыстарды танытады.

811rzqlK

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Александр Тараков«АЗИЯ» газетінде (1992-1994 жж.) журналист ретінде жұмыс істеп жүріп, Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған конференцияларға және әртүрлі ғылыми іс-шараларға жиі қатысқандығын атап өтті. Кезеңнің қиындығына қарамастан, ҚСЗИ шаралары мазмұндылығымен, мәнділігімен ерекшеленетін. Ө.Т. Қасеновтың басшылығымен институттың алғашқы жылдарында қызмет бағыттарының негізгі бағдарлары белгіленді, әрі қарай даму үшін маңызды және берік негіз қаланды. Александр Юрьевичтің пікірінше, Өмірсерік Түлешұлы үлкен және жарқын адам болатын, өзінің саласының жетекші маманы ретінде ҚСЗИ және қазақстандық сараптама тарихында үлкен із қалдырды. Ол сондай-ақ ҚСЗИ-дің қызметінде журналистикаға маңызды орынды берілді және Өмірсерік Түлешұлы осы арнайы мүмкіндікті толық көлемде пайдаланды. Бұл дәстүр бүгінгі таңда ҚСЗИ жетекшілері мен бас ғылыми қызметкерлер тарапынан жалғасып келеді, Александр Юрьевич институттың жас зерттеушілеріне өздерінің үлкен әріптестерінен үлгі алуға және бұқаралық ақпарат құралдарында өздерінің дағдыларын жетілдірулерін тіледі.

guul97x3

«Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері БерікӘбдіғалиұлы өз еңбек жолының басындағы Өмірсерік Төлешұлымен бірге жұмыс істеген кезеңі туралы, Ө.Т. Қасеновтің басшы ретінде еліміздің сыртқы және ішкі саясаты саласында жұмыс істейтін көптеген жас ғалымдардың қалыптасуына ықпалы туралы естеліктерімен бөлісті. Ө.Т. Қасеновтың негізгі шәкірттері – қыздары Нарғыз және Тоғжан Қасеновалар, қазіргі уақытта олар әкесі басталған жұмысты жалғастыруда. Берік Әбдіғалиұлы осы кезеңде сараптамалық қауымдастықта халықаралық маңызы бар тақырыптар бойынша талқылауға қатыса алатын жоғары деңгейдегі мамандардың жетіспеушілігі болғанын атап өтті. Өмірсерік Төлешұлы – геосаяси санаттар бойынша халықаралық ауқымда ой жүгірткен аз адамдардың бірі болды. ҚСЗИ бірінші директоры өз ісіне жан-тәнімен берілген энтузиастардың бірі еді.

Кітаптың таныстырылымын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының 25 жылдығына орай символдық болып табылады. Бұл оқиға сабақтастық дәстүрін жалғастыру және жас қызметкерлер үшін үлгі болып табылады. 

6DOvPQSQ

Астанадағы Фридрих Эберт фонд Өкілдігінің басшысы Зауреш Шутова таныстырылып отырған кітаптің стилистикасына мән беріп, кітап өте танымды деп атап өтті. Зәуреш Есдаулетқызы Қордың Ө.Т. Қасеновтың қызы Наргис Қасеновамен арадағы ынтымақтастығын сөз ете келе, неміс әріптестері үшін ол үшін ол өткір ақылдың, интеллекттің, аналитикалық дағдылар, дипломатия, үлкен жүрек және өте әдемі жан болып танылады, бүгінгі таныстырылым осы керемет қасиеттердің құпиясын ашты, олар оны әкесінен алған.

Шақырылған қонақтардың бәрі кітабының таныстырылымына қатыса алмады, олардың шінде танымал қоғам қайраткері, ұлы ғалым, мәдениет саласындағы маман Мұрат Әуезов, Қазақстан Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың ел өміріндегі орнын атап өтіп, Өмірсерік Қасеновтің жеке басына деген құрметін хат арқылы жеткізді.

G45PCDhF

Ө.Т. Қасеновтың өмірлік жары Рагна Қасенова Институттың бірінші директорына деген ққұрметі үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына алғыс білдірді, оның ішінде Ө.Т. Қасенов атындағы мәжіліс-залдың ашылуы үшін Б.Қ. Сұлтановқа, Ө.Т. Қасенов грантына қолдау көрсеткені үшін Ерлан Каринге, Ө.Т. Қасенов туралы осы кітапты дайындағаны және таныстырылым өткізгені үшін қазіргі директор Зарема Шаукеноваға жеке алғыс айтты. Рагна Зунунқызы отбасы кітапатағы әріптестердің мен достардың барлық естеліктері үлкен әсер еткенін ерекше атап өтті. Олардың көпшілігі, тіпті өздері үшін де, үлкен жаңалықтарға айналды.

Рагна Зунунқызы Ө.Т. Қасенов, ең алдымен, «Қазақстан азаматы» болды және оның елге деген көзқарасы әрқашан өзінің жеке жетістіктерінен басым болды. ҚСЗИ-дың бірінші директорының жұбайы кітапты жазуға жұмсаған үлкен жұмыс үшін алғысын білдірді. Бұл кітабын жариялануы Өмірсерік Төлешұлының жеке басына деген қоғамның және ел басшылығының бағасы. Бұл өз кезегінде, үлкен алғыс білдіреді.

Сонымен қатар, Рагна Зуиновна Ө.Т. Қасенов еске алуға арналған кітапқа жастар үшін үлгі бола алады және бұл оның өмірінің басты жетістігі болады. Ол Институтқа және барлық қатысушыларға Қазақстанның игілігі үшін еңбектерінде үлкен табыстар тіледі.

2kCMVPOp

Кітаптың таныстырылымы жылы атмосферада өтті. Кездесудің барлық қатысушылары ҚСЗИ-дың жаңа кітабы «Ө.Т. Қасенов – алғашқы “ақыл орталығының” алғашқы басшысы» өз оқырмандарын табуды тіледі (кітаптың электронды нұсқасымен  KAZISS сайтынан таныса аласыздар)

Басылымдар