Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылдың 10 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (KAZISS) ҚСЗИ қызметкерлері мен Пәкістан Ислам Республикасының (ПИР) Ақпарат министрлігінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті. Пакистандық тарапты сыртқы ақпарат көзі агенттігі жұмыс жөніндегі секторының бас директорының орынбасары Ариф Эхсан Казми, Ақпарат министрлігінің БАҚ үйлестіру департаментінің директоры Рафи Улах Хан, ПИР елшілігінің әскери атташесі Шакил Фариди, сондай-ақ радио станциялар, теледидар және БАҚ басылымдарының өкілдері мен бірқатар журналистер қатысты.

ҚСЗИ тарапынан кездесуге директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, аға сарапшы Болат Тоқабаев, аға ғылыми қызметкер Анастасия Решетняк, ғылыми қызметкерлер Қымбат Нұрғалиева, Әділхан Ғаделшиев және Слямжар Ахметжаров қатысты.

semrmz97

Кездесу барысында А.Е. Казми Пакистандық делегацияның Қазақстанға сапарының негізгі мақсаты қазақстандық сарапшылар қоғамдастығымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ынтымақтастықты дамыту болып табылатынын атп өтті. Ол сарапшыларға Пәкістанда ақпарат таратуды реттеу ерекшеліктері туралы хабардар етті, онда сөз бостандығын және бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету шаралары баспасөз және әлеуметтік желілердің экстремизм мен радикализмді насихаттау мониторингімен байланысты екендігіне тоқталды.

b3MMJYaQ

Журналистердің сауалдарына жауап берген С.Көшкімбаев, Пәкістанмен қарым-қатынастар бірнеше мемлекет арасында орналсауына қатысты стратегиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ екі ел арасындағы бірнеше ғасырлық өткен тығыз тарихи және мәдени байланыстардың арқасында Қазақстан үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті. ҚСЗИ сарапшысының пікірінше, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды дамытудың негізі аймақтық қауіпсіздіктің негізгі мәселелерін және тиісінше терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты түсінуі тиіс.

Бұдан басқа, С.Көшкімбаев екі ел арасындағы энергетикалық ресурстарды, электр энергиясын, тау-кен және металлургия кешені өнімдерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда, дәнді және ет өнімдерін экспорттау арқылы, сондай-ақ пакистандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің импорты - былғарыдан жасалған бұйымдар, сантехникалық бұйымдар, фармацевтикалық және медициналық өнімдер, экономикалық ынтымақтастықты қазақстандық экспорт арқылы одан әрі кеңейтудің маңызды әлеуетін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы саяси, экономикалық, ақпараттық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

77GiH1bE

Басылымдар