Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2020 жылдың 25 қарашасында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Корей түбегіндегі қауіпсіздік жағдайы» тақырыбында онлайн-вебинар өтті.

Іс-шараның негізгі спикерлері рет ретінде - доктор Ким Джина, Корея Қорғаныс талдау институтының (KIDA) ғылыми қызметкері, доктор Бонг Яншик, Йонсей университетінің солтүстік кореялық зерттеулер бойынша ғылыми қызметкері, доктор Чхон Мен Гук, армия офицері, Корея Қорғаныс талдау институты (KIDA) сөз сөйледі

Шақырылған қонақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев болды.

Вебинардың күн тәртібі Корей түбегіндегі қауіпсіздік мәселелеріне, денуклеаризация саясатына және Қазақстанның осы саладағы тәжірибесіне, сондай-ақ Солтүстік Кореядағы ағымдағы саяси жағдайға арналды.

Сарапшылар Корей түбегіндегі жағдайдың уақыт өте келе шиеленісіп, қарулы қақтығысқа ұласып кету қаупі бар екенін атап өтті. Бұл проблема екі корей мемлекетіне ғана қауіп төндірмейді, сонымен бірге бүкіл халықаралық қауіпсіздік жүйесіне теріс әсер етуде.

Іс-шараға қатысушылар денуклеаризация және Корей түбегіндегі бейбітшілікке қол жеткізу бойынша курсты жалғастырудың қажеттілігі мен маңыздылығын мәлімдеді. «Алтылық» еледері аясындағы келіссөздерді жалғастыру маңызды болып табылады (Ресей, Қытай, АҚШ, Жапония, КХДР, Оңтүстік Корея).

Сондай-ақ, спикерлер Қазақстан Республикасының ядролық қарудан бас тарту жөніндегі үлгілі тәжірибесін атап өтті. Өзінің ядролық қарусыз жолының арқасында Қазақстан халықаралық қоғамдастықта қажетті сенімге ие бола алғаны атап өтілді.

Вебинардың негізгі сессиясы аяқталғаннан кейін сарапшылар пікірталас өткізіп, барлық сұрақтарға жауап берді.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан онлайн-вебинарға Халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Әлішер Әбдірешев қатысты.

Басылымдар