Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2020 жылдың 25 қарашасында «Судья лауазымына үміткерлерді іріктеу, судьяларды ілгерілету және қызметін бағалау барысында замануи цифрлық және HR-технологияларын қолдану» тақырыбында  Халықаралық онлайн-дөңгелек үстел жиыны өтті. Кездесуді Жоғары Сот Кеңесі ұйымдастырды.

Онлайн-форумға Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының, Француз Ұлттық магистратура мектебінің, Италия магистратурасының Жоғары Кеңесінің, Испания судьялар мектебінің өкілдері және сот кеңестері мен сот органдарының, халықаралық институттардың, HR-менеджментінің басқа да сарапшылары қатысты.

Кездесуге қатысушылар судьяларды даярлау, іріктеу және ілгерілету саласындағы тәжірибені, соның ішінде цифрлық технологияларды, HR-құралдарды қолдану, судьялық лауазымдар үшін қажетті кандидаттардың құзыреттерін бағалау мәселелерін талқылады.

Онлайн-форумға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының мүшесі, з.ғ.д. Марат Жұмағұлов қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша аталған саладағы халықаралық нормалар мен практикаларды ескере отырып, судьяларды іріктеу құралдарын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.

Басылымдар