Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2021 жылғы 20 желтоқсанда «Ресей-Қазақстан диалогы: стратегиялық серіктестік кезеңдері» сараптамалық бейнекөпірі өтті, ұйымдастырушылар «Россия сегодня» ХАА, ММУ АТО және ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ болды.

Бейнекөпір аясында келесі мәселелер талқыланды:

  • Ресей мен Қазақстан халықаралық аренада - жаңа тәуекелдер мен сын-тегеуріндерге бірлескен қарсы іс-қимыл;
  • Ресей-қазақстан ынтымақтастығының қазіргі қоғамдық өлшемі-шекаралас аймақтардағы азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесу тәжірибесі;
  • Экономикалық интеграцияның жаңа форматтары-пандемия кезеңінде ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимыл;
  • Гуманитарлық ынтымақтастық - оған дамудың жаңа серпінін қалай беруге болады?

Бейнекөпір жұмысына Ресей тарапынан: Сергей Афонцев, РҒА ӘЭХҚИ директорының орынбасары; Дарья Чижова, ММУ посткеңестік кеңістігіндегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығының директоры; Игорь Савин, РҒА Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері қатысты.

Қазақстандық тараптан спикерлер: Ермұхамет Ертісбаев, мемлекет қайраткері; Рахым Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры; Санат Көшкімбаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары болды.

ҚСЗИ сарапшысы, атап айтқанда, ағымдағы жыл екі ел үшін де қиын болғанын атап өтті. Сонымен қатар, елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың қарқыны, сапарлардың қарқындылығы, салалық министрліктер мен сараптамалық деңгейдегі байланыстар айқын. Екіжақты одақтастық байланыстар аясында, әсіресе қауіпсіздік саласында, Қазақстан мен Ресей арасында ортақ үлкен күн тәртібі бар. 2021 жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы белгісімен өтті, бұл тұрғыда біз бәріміз бірдей мәртебемізде тұрмыз, бірақ әр түрлі нәтижелермен межелік күнге жақындап келеміз. Сонымен қатар, біздің көшбасшыларымыз ресей-қазақстан қарым-қатынастарының эталондық сипатқа ие екенін бірнеше рет айтқан болатын, деп түйіндеді ҚСЗИ сарапшысы.

https://ru.sputnik.kz/video/20211220/18928876/rossiya-kazakhstan-politika-partnerstvo-video.html

Басылымдар