Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да «Қоғам және Дәуір» ғылыми-талдау журналының кезекті 2021 жылдың №4 (72) саны жарық көрді. http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/issue/view/32

«Қоғам және Дәуір» журналы саяси ғылымдар саласы бойынша ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енеді.

«Қоғам және Дәуір» журналының жеке сайты (http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/index) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің жаңа ережелеріне сәйкес жасалынған, сайтта журналдың көпжылдық мұрағаты, оның редакциялық кеңесі, авторларға арналған нұсқаулықтың жаңартылған үлгісі туралы ақпарат бар.

«Қоғам және Дәуір» ғылыми-сараптамалық журналына материалдарды жариялау онлайн жіберу және рецензиялаудың Open Journal System жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін журналдың сайтына тіркелу қажет: http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/user/register. Редакцияға жіберілген барлық материалдар плагиатқа қарсы тексеріліп, жабық рецензиядан өтеді, қажет болған жағдайда авторлар түзетулер енгізуге шақырылады. Авторлар рецензенттерден түсініктемелер алады және олардың материалдарын бір ай ішінде жариялау туралы шешім туралы хабарлайды. Өзгерістер енгізгеннен кейін қабылданған мақала әдетте журналдың келесі екі санының бірінде жарияланады.

Журналдың «Бас редактор бағаны» деген айдарында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен егемен ел ретінде дамуына өзіндік үлес қосқан танымал қазақстандық тұлғалар жайлы ақпарат беріледі. Бұл санда Қазақстандық шығыстанудың дамуына елеулі үлес қосқан, Егемен Қазақстанның ғылыми әлеуетін шыңдай түскен ғалым, ұзақ жылдар бойы Шығыстану институтын басқарып, ғылыми мектебін қалыптастыра алған ғалым Меруерт Қуатқызы Әбусейітова туралы оқи аласыздар.

Сондай-ақ бұл санда келесі мақалалар жарияланды:

  1. Ержан Ибраев пен Майра Дюсембекованың бірлескен авторлығындағы «Қазақстандағы діни саясаттың кейбір аспектілерін талдау» атты мақала заманауи Қазақстанның көпұлтты және алуан конфессиялы ел ретінде дамуына арналған. Соңғы уақытта дін мен конфессияаралық қатынас аясындағы жағдай айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Діни ахуалдың жай-күйі мен жалпы алғанда діндердің динамикасына жасалған талдау өскелең ұрпақ өкілдерінде діндарлықтың артқандығын байқатады. Бұл үрдіс жеке тұлғаның табиғи рухани қажеттілігі тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ, қоғамда қалыптасқан мәдени және рухани дәстүрге нұқсан келтіретін деструктивті діни ағымдардың әрекеттері арқылы да өсуде. Осы орайда, бұл мақалада дін саласындағы мемлекеттік саясаттың кейбір аспектілері бойынша азаматтардың пікірін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтанулық сұраудың нәтижелерін талдау қамтылған.
  2. Гүлназ Қалиаскарова, Қарғаш Жанпейісова және Марина Онучко авторлығындағы «Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі интеллектуалды миграция мәселелері: реттелу жолдары мен ерекшеліктері», мақала жаһандану жағдайында әлемнің барлық елдері үшін интеллектуалды миграция маңызды процесске арналған. Қазақстан да осы процестің субъектісі ретінде аталған мәселеден тыс қала алмайды. Мақалада интеллектуалды миграцияны реттеудің шетелдік тәжірибесін талдай отырып, ақыл-ой айналымы оның реттелу жолдары талданып, біздің елден шетелге кеткен білімді мамандарды тартудың жолдары қарастырылады. Сонымен бірге, Қазақстандағы интеллектуалды мигарция процесінің негізгі проблемасын анықтайтын факторлары мен мәселелері, елдің ақыл-ой ағыны ахуалының ұлттық дамуға әсері және білімді жастардың миграциялық көңіл-күйі және оның миграциялық процестерге әсері талданады.
  3. Жанар Санхаева мен Гульнар Аскееваның «Ауылдық сайлау жүйесіндегі жаңартулар мен факторларды талдау: өтпелі кезең» атты мақалада маңызды құрамдас бөліктердің бірі ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын ұйымдастыру және өткізу болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің жаңа моделінің қазіргі жаңалықтары талданады. Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау мемлекеттік басқаруды одан әрі орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару институттарының кең таралған тәжірибесін енгізу аясындағы маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Осыған байланысты мақалада 2021 жылдың жазындағы бірінші жергілікті сайлау науқанының тәжірибесін ескере отырып, тікелей сайлауға көшуді жүзеге асырудың негізгі шаралары қарастырылып, бағаланады.

Қазіргі уақытта 2022 жылдың 1-ші шығарылымына мақалалар қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мақалалар 01 ақпанға дейін қазақ және ағылшын тілдерінде (басқа шет тілдерде) қабылданады (қажет болған жағдайда редакция аударуды өз мойнына алады). Қолжазбалар мен ілеспе хатты веб-сайттағы «Материалдарды жіберу» бөліміне жүктелуі керек: http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/about/submissions. Қолжазба журналдың веб-сайтында сипатталған талаптарға сәйкес ресімделуі керек: http://journal-kogam.kisi.kz/index.php/kd/authors.

ҚР БҒМ ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің жаңа ережелеріне сәйкес мақалалардың Интернетте тұрақты орналасқан жеріне немесе ол туралы ақпаратқа (метадеректерге) сілтеме беретін ДОІ және авторлардың Халықаралық DOI қорында тіркелуі талап етіледі. Сондықтан да 2022 жылдың 1-ші номерінен бастап ДОІ авторлар есебінен төленетін болады.

Құрметті оқырмандар! Сіздерден өзекті мәселелер бойынша қызықты материалдар күтеміз!

Басылымдар