Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да «Қазақстан-Спектр» ғылыми-талдау журналының 2021 жылдың төртінші шығарылымы жарыққа шықты №4 (100) 2021. http://journal-ks.kisi.kz/index.php/ks/issue/view/35

Осы жылдан бастап, ҚР БҒМ БҒССҚЕ жаңа ережелеріне сәйкес, «Қазақстан-Спектр» журналының жеке сайты http://journal-ks.kisi.kz/index.php/ks жұмыс істей бастады, сайтта журналдың көпжылдық мұрағаты, оның редакциялық кеңесі, авторларға арналған нұсқаулықтың жаңартылған үлгісі бар.

«Қазақстан-Спектр» ғылыми-талдау журналы «саясаттану» бағыты бойынша ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР БҒМ БҒССҚЕ ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне кіретінін қуана хабарлаймыз.

Журналдың «Көз қарас. Ой-пікір. Талқылау» айдарында еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосқан Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің мақалалары жарияланады. Ағымдағы нөмірде белгілі қазақстандық шығыстанушы ғалым Меруерт Қуатқызы Әбусейітованың мақаласы жарияланды. Мақалада қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы мен дәстүрі бойынша шет елдерден археографиялық экспедициялардан әкелінген жаңа жазба деректер мен мұрағат материалдарына талдау жасалған.

Сондай-ақ журналдың нөмірінде келесі мақалалармен таныса аласыз:

  • Беларусь стратегиялық зерттеулер институты (БСЗИ) директорының орынбасары Т.Шендик дайындаған «Постиндустриалды қоғам: партиялық құрылыс бағдарлары» мақаласы. Мақала қоғамды цифрлық трансформациялаудың, атап айтқанда, саяси партиялардың эволюциялық дамуының қоғамдық-саяси салдарымен байланысты мәселелерді қарауға арналған.
  • «Электрондық үкіметтің дамыу заңдастыру стратегиясы ретінде: контент-анализ» Ә.Қалқаманова, Венгрия, Сэгед университетінің Құқық және саяси ғылымдар факультетінің докторанты. Автор өз мақаласында жүргізілген контент-талдау негізінде электрондық үкіметті дамытуды легитимация стратегиясы ретінде пайдалануға болатындығын көрсетеді. Зерттеу заңдастырудың ресми мемлекеттік сайттар арқылы қалай жүретінін көрсетеді.
  • Б.Темірбаев, К.Загал, С.Ахметжанова және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары тобымен дайындаған «Қазақстанның инвестициялық климаты: өзгерістердің беталыстары» мақаласы.  Мақалада Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық саясаттың тиімділігіне талдау жүргізіліп, COVID-19 пандемиясының инвестициялар ағынына әсері бағаланып, ҚР инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ұсынымдар ұсынылады.

«Қазақстан-Спектр» ғылыми-талдау журналына материалдарды жариялау онлайн жіберу және рецензиялаудың Open Journal System жүйесі арқылы жүзеге асырылады.Ол үшін журналдың сайтына тіркелу қажет: http://journal-ks.kisi.kz/index.php/ks. «Қазақстан-Спектрде» ұсынылған барлық материалдар плагиатқа қарсы тексеріліп, соқыр рецензиядан өтеді, қажет болған жағдайда авторлар түзетулер енгізуге шақырылады. Өзгерістер енгізгеннен кейін қабылданған мақала әдетте журналдың келесі екі санының бірінде жарияланады.

Қазіргі уақытта 2022 жылға 1-ші нөмірді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қолжазбалар 25 қаңтарға дейін орыс және/немесе ағылшын тілдерінде қабылданады. Қолжазбалар мен ілеспе хатты веб-сайттағы «Материалдарды жіберу» бөліміне жүктелуі керек: http://journal-ks.kisi.kz/index.php/ks/about/submissions. Қолжазба журналдың веб-сайтында сипатталған талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс: http://journal-ks.kisi.kz/index.php/ks/authors.

Құрметті оқырмандар! Сіздерден өзекті мәселелер бойынша қызықты материалдар күтеміз!

Басылымдар