Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2020 жылдың 15 желтоқсанында онлайн форматта «Қазақстан тәуелсіздігінің 29 жылы және жаңа кезең көкжиектері» атты конференциясы өтті.

Конференцияны Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің Төрағасы Мухиттин Шимшек, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан Арупов, Ниде Омер Халисдемир атындағы университетінің Еуразиялық зерттеулер бөлімінің өкілі Торғай Дюген қатысты. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан Әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ермек Тоқтаров қатысты. Іс-шараның модераторы Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сюмер болды.

Е.Тоқтаров «Қарама-қайшылықтарды еңсеру арқылы Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада спикер Рухани жаңғыру бағдарламасының дүниетанымдық аспектілеріне назар аударды.

Эфирге сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCgOs_JF4ZLpjhA7p1sjcsUg

Басылымдар