Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да «Central Asia's Affairs» ағылшын тіліндегі ғылыми-талдау журналының кезекті 2020 жылдың №4 (80) саны жарық көрді. http://www.kisi.kz/images/izdanie/CAA/CAA_04.pdf

Журналдың осы нөмірінде келесі мақалалар жарияланды:

  • Б.Мұстафаевтың «Ферғана алқабы – мүмкіндіктер, достық және тату көршілік алаңы» мақаласы, онда Ферғана алқабының мәселелері бүкіл Орталық Азияның орнықты дамуын қамтамасыз етудегі зор мүмкіндіктер кеңістігі ретінде қарастырылады.
  • Ж.Жармаханова мен С.Нұрдәулетованың «Қазақстан мен Швецияның мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді коммуникация құрудағы саясатын талдау» тақырыбындағы мақаласы, мақалада Қазақстан мен Швеция үкіметтерінің өз қоғамымен тиімді қарым-қатынас орнату бойынша құралдары мен іс-әрекеттеріне талдау көрсетілген.
  • А.Мәлібекованың «Covid-19 пандемиясы кезінде Жібек жолының экономикалық белдеуі бойындағы елдердің ынтымақтастығын дамыту» мақаласы, онда пандемияға дейін және оның кезіндегі әлемдік қоғамдастықтағы ахуалға талдау келтіріледі, сондай-ақ дағдарыстан шығудың негізгі қадамдары және Жібек жолының экономикалық белдеуі бойындағы одан әрі ынтымақтастық қарастырылады.
  • С.Ахметжаровтың «Ашық диалог платформасын талдау: сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік кейсі» мақаласы, автор қазақстандық электрондық үкімет шеңберінде қатардағы азаматтар үшін қолжетімді ашық сұхбат алаңына талдау жүргізеді. Талдаудың басты мақсаты азаматтардың Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің басшысына өтініштері болып табылады.
  • Ж.Махамбеталиев пен С.Көшербаевтың «Қазақстан мен Өзбекстан: сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуатты» атты мақаласы өзара ынтымақтастықты кеңейту аясында Өзбекстан мен Қазақстанның сауда-экономикалық дамуын зерттеуге арналған. Өзбекстанның өңірдегі рөлі, оның интеграциялық басымдықтары және Қазақстанмен бірлескен жобалары сипатталған.
  • А.Әбдірешевтің «ЕО дағдарысы: даму векторлары» мақаласы, онда Еуропалық Одақтың коронавирус пандемиясына қарсы тұру жағдайындағы қазіргі даму тенденциялары егжей-тегжейлі қарастырылған. Автор денсаулық сақтау, экономика, әлеуметтік салалардағы ЕО-ның қазіргі жағдайын көрсетеді.

Журналдың веб-парақшасы ҚСЗИ сайтында мына мекен-жай бойынша орналасқан: http://kisi.kz/index.php/ru/central-asia-s-affairs?view=archive&catid[0]=41, онда редакциялық кеңестің құрамы туралы мәліметтер, қолжазбаларды ресімдеу жөніндегі авторлар үшін нұсқаулық үлгісі берілген.

Қазіргі уақытта Жаңа 2021 жылға арналған 1-ші нөмірдің мақалаларын жинау жұмыстары басталды. Сондай-ақ, қолжазбалар орыс тілінде, кейіннен аудармасымен қабылданады.

Құрметті оқырмандар! Сіздерден заманның өзекті мәселелері бойынша материалдарыңызды күтеміз. Сұрақтар туындаған жағдайда келесі электронды мекенжайға жаза аласыздар: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

Басылымдар