Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2020 жылдың 11 қарашасында онлайн-форматта Экономикалық зерттеулер институты (ERI) ұйымдастырған «Post-COVID: Globalization trends» халықаралық конференциясы өтті. Интеграциялық даму және жаһандық экономика мәселелеріне арналған пікірталасқа Қазақстан, АҚШ, Германия, Нидерланды Корольдігі, Түркия және Польшаның жетекші экономистері қатысты.

Спикерлер ретінде Коджаэли университетінің (Түркия) доценті, профессор Фатих Акбулут, Лодзин университетінің (Польша) оқытушысы Адам Сухецкий, Нидерланды бизнес-академиясының профессоры Ян ван Цвитен, америкалық жазушы және экономист Джон Перкинс және Экономикалық зерттеулер институтының әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Долорес Тюлебекова сөз сөйледі.

Өз сөзінде Дж.Перкинс экологиялық тұрақтылық пен жаңа технологияларға негізделген жаңа экономикалық жүйені құру қажеттігін атап өтті. Д.Тюлебекова коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайындағы халықаралық сауданың негізгі сын-қатерлері және Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ағымдағы әлемдік дағдарыс салдарының әсерін төмендетудегі рөлі туралы айтты. Ян ван Свитен жаһандану процестерінің болашақ перспективаларына және трансұлттық корпорациялардың әлемдік экономикадағы рөлін өзгертуге егжей-тегжейлі тоқталды. Ф.Акбулут экономикалық дамудың факторы ретінде тиімді өңірлік саясатты қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. А.Сухецкий дағдарыспен күрес жағдайында экономикалық интеграциялық бірлестіктердің даму проблемалары мен перспективалары туралы айтты.

ҚСЗИ атынан әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Кәрімова және аға ғылыми қызметкер Анна Альшанская қатысты.

Басылымдар