Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2020 жылдың 10 қарашасында Санкт-Петербург қаласында «Еуразиялық экономикалық перспектива» VIII Халықаралық форумының күзгі сессиясы өтті. Форумды ТМД - ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы, Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті, Санкт-Петербургтің Сыртқы байланыстар жөніндегі комитеті және Еуразиялық университеттер қауымдастығы ұйымдастырды.

Форум бағдарламасы ашылу сессиясын және «Жаңа пандемиялық өлшем жағдайында посткеңестік кеңістікте 2030 жылға дейінгі кезеңге экономикалық интеграциялық өзара іс-қимылды дамыту», «Үлкен Еуразия: интеграциялық контурды қалыптастыру мүмкіндіктері» мен «Құқықтық саладағы ЕАЭО және ТМД дамуының интеграциялық аспектілері: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен үрдістер» атты үш дөңгелек үстелді қамтыды. Форум жұмысына белгілі мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, ЕАЭО және ТМД елдерінің сарапшылары, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, оның ішінде: Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры Игорь Максимцев, ММУ ректоры Виктор Садовничий, Санкт-Петербургтің Сыртқы байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Евгений Григорьев, ЕЭК интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян, Еуразиялық университеттер қауымдастығы атқарушы комитетінің төрағасы Александр Сидорович, белгілі сарапшы-экономист Михаил Хазин қатысты.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты атынан бас ғылыми қызметкер Вячеслав Додонов қатысып, «Жаңа пандемиялық өлшем жағдайында посткеңестік кеңістікте 2030 жылға дейінгі кезеңге экономикалық интеграциялық өзара іс-қимылды дамыту» атты дөңгелек үстелінде «ЕАЭО қаржы институттарының жаңа шындыққа жаңа сапасы: іске асырудың негізгі тәсілдері мен бағыттары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамамен сөз сөйлегені үшін алғыс хат

Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысына Ресей Ғылым академиясы Е.М.Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институты басшысының орынбасары Елена Кузьмина, Түрікменстан қаржы және экономика министрлігінің «Қаржы және экономика» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы Мұхаметгелді Атаев, ЕЭК Алқасы Төрағасының көмекшісі Мирлан Омуралиев, СПбМЭУ Әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының меңгерушісі София Рекорд, «Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің ғылыми-зерттеу экономикалық институты» мемлекеттік ғылыми мекемесінің бас талдау орталығының басшысы Михаил Томкович, «№407 Минск азаматтық авиация зауыты» ААҚ бас директоры Евгений Вайцехович қатысты. Баяндамашылар өз сөздерінде еуразиялық интеграция мәселелері мен оның даму перспективаларының кең ауқымын атап өтті.

 

Басылымдар