Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

 

2018 жылдың 11 желтоқсанында Фридриха Эберта атындағы Қордың ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы модернизация моделдері: Болашақты іздеу» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияда «Almaty Club» сараптамалық тобы Орталық Азияда жасалынып жатқан жаңғырту жобаларына талдауға арналған «Орталық Азиядағы модернизация моделдері: Болашақты іздеу» атты жаңа құжатты таныстырды.

pRcwYH0u

Іс-шараға Қазақстан мен Орталық Азияның елдерінің сарапшылары, атап айтқанда, Наргиз Қасенова (Алматы), Фарход Толипов (Өзбекстан), Абдугани Мамадазимов(Тәжікстан), Эльмира Ногойбаева (Қырғызстан) және т.б қатысты.

Конференция барысында аймақ елдері өздерінің болашағын, ұлттық модернизация жобалары мен жаһандық трендтердің байланысын, Орталық Азия елдерін модернизациялау стратегияларындағы күшті және әлсіз жақтардың, сондай-ақ аймақ елдерінің жалпы және ерекше көзқарастарындағы мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, талқылаулар барысында келесі сұрақтар туындады: аймақтық елдерде жаңғырту идеясын жүзеге асыратын, халықтың сегменттері модернизациялау үдерісіне және саясатына, саяси жаңғыртусыз экономиканы модернизациялауға кімнің ықпалы бар?

ufdl7clYҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Кушкумбаев өзсөзінде тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстандағы барлық реформалар ресми түрде экономикалық және әлеуметтік-саяси салаларды жаңартуға бағытталғанын атап өтті. Атап айтқанда, Президент Н.А. Н.Назарбаев 2017 жылдың 31 қаңтарындағы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында бүгінгі таңда еліміз «үшінші модернизациялау» бағдарламасын жүзеге асыру жолында екенін атап өтті. Ол жаңғырту үдерістерінің келесі кезеңділігін айқындады: бірінші кезең – Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, екінші кезең – «Қазақстан-2030» Стратегиясын іске асыру басталғаннан бастап, үшіншісі – 2017 жылдан бастап. Жалпы алғанда, әр кезең өзгермелі жағдайға бейімделу мен реттеудің өз механизмдері арқылы сипатталды. Сонымен қатар, негізгі ұстаным өзгеріссіз қалды – бұл реформалардың эволюциялық және біртіндеп жүргізу сипаты.

Басылымдар