Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкерлері Юрий БулуктаевГеоргий Дубовцев  және Алматы қаласындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Халықаралық проблемалардың геосаяси талдауы» атты арнайы семинарға қатысты. Семинарды Халықаралық Бизнес университетінің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, доцент Алексей Швыдко және халықаралық қатынастар бөлімінің 3 курс студенттері ұйымдастырды. Сондай-ақ, семинарға белгілі саясаткер, Қазақстан-Герман университетіндегі Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Болат Сұлтанов қатысты.

CO6h1B9MKKIgguWJKkiho3tz

Студенттер өз баяндамаларында әртүрлі сұрақтарды көтерді: «Геосаясат-XXI» дегеніміз қандай және қазіргі уақытта Президент Н.А. Назарбаев оны не себепті қолдауда?; Неліктен Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігі жаһандық әлемдегі біздің мемлекетіміздің геосаяси стратегиясының факторы және Қазақстан геосаяси кеңістікте, мысалы, ЕАЭО, ШЫҰ, ЭЫДҰ, ҰҚШҰ қандай рөл атқарады? Президенттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының геомәдени мәні қандай? Қазіргі жаһандық халықаралық істерде саясат пен экономиканың өзара байланысы қалай көрінеді? Қазіргі геосаяси ландшафт дегеніміз - оның «дизайнері» және бұл «дизайн» деген не?

 

OZw8XqppWCoXN5Bo

Шақырылған қонақтар студенттік жұмыстарға рецензия жасап, әр баяндама бойынша мұқият талдау жасады. Семинар соңында Ю.О. Булуктаев және Г.Ф. Дубовцев аналитикалық жұмыстың тәжірибесімен бөлісті және талдамалық құралдардың мұқият дайындау және оны халықаралық істердегі мамандардың жұмысында пайдалануды, Қазақстан Республикасы Президентінің қазіргі өмірдің рухани жаңаруына және әлемдік қоғамдастықта көпұлтты Қазақстанның мәдениет жетістіктерін жоғары деңгейге көтеруге бағытталған заманауи саясатының ерекше маңыздылығын атап өтті.

pv7m8KBM

Басылымдар