Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

 

Қазақстан Республикасындағы ҚХР-дың Елшілігінің ресми шақыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ сарапшылар делегациясы - директордың орынбасарлары Мәдина Нұрғалиева, Марат Жұмағұлов, ғалым хатшы Қазбек Исаев, бас ғылыми қызметкерлер Вячеслав Додонов, Константин Сырожкин және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Конфуцзы институтының директоры Сәуле Қошанова Қытайға жұмыс сапарымен барып қайтты.

V7WYfcapҚазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігін жандандыру, сондай-ақ сараптамалық деңгейде ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі бастаманы ҚХР-ның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо   (https://www.inform.kz/ru/kayrat-abdrahmanov-vstretilsya-s-novym-poslom-knr-v-kazahstane_a3452090) 2018 жылы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ-ға барып, Институт басшылығымен кездесуде көтерген болатын  (http://www.kisi.kz/ru/categories/articles/posts/v-kisi-sostoyalsya-ryad-vstrech-s-ekpertami-iz-kitaya).

Сапар барысында сарапшылар Қытайдың жетекші «ақыл орталықтары» мамандарымен бірқатар кездесулер өткізді. Делегация 5 қараша күні Бейжіңде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ ұзақ мерзімді серіктесі – Қытайдың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясында (CICIR, http://www.cicir.ac.cn) болып, ҚҚХҚА аға кеңесшісі және бұрынғы президенті Цзи Чжие, Орталық Азиядағы институтының директоры – Дин Сяосин, сарапшы Е Тяньлэ мырзалармен кездесті. Кездесу барысында қазақстан-қытай, қытай-ресейк және қытай-америка қарым-қатынастардың жай-күйі, сондай-ақ, «Белбеу мен Жол» бастамасының іске асу барысы, қауіпсіздік мәселелері, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, сарапшылар ШҰАА-дан этникалық қазақтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты жағдайға қатысты пікір алмасты және барлық мәселелер өзара сенім мен жақсы тату көршілік қағидаттарына негізделген оң шешім қабылдайтынына сенім білдірді.

75jCFFGCl2zlkfjE

6 қарашада Бейжіңде ҚХР Әлеуметтік ғылымдар академиясының (ҚӘҒА, www.casseng.cssn.cn) өкілдерімен кездесу өтті, оған Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры Сунь Чжуанчжи, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директорының орынбасары Сунь Ли, Қытай мен Ресей арасындағы стратегиялық өзара әрекеттесу жөніндегі кеңес бағдарламасының жетекшісі Су Чан, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия зерттеулер бойынша журналдың бас редакторы Ли Чжунхай, «Бір белбеу, бір жол» орталығның зерттеушісі Сяо Бин қатысты.

YAqt0WIjvGVUIXhX   

8 қарашада Шанхай қаласында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ делегациясы Шанхай халықаралық зерттеулер академиясында болып, онда Академияның президенті Чэн Дунсяо, Дүниежүзілік экономикалық зерттеулер институтының директоры, Орыс және Орта Азия зерттеулер орталығының директоры Ли Синьмен кездесті (http://www.siis.org.cn/Content/Info/4U5YDC5TLKP1). Тараптар аналитикалық құрылымдардың одан әрі ынтымақтасу мәселелерін талқылады: 2019 жылы «Белбеу мен жол» бастамасын дамытудың ІІ форумына қатысу, сарапшылардың өзара тағылымдамасы және бірлескен талдамалық есеп дайындау.

4flyfkoe

Ynk606So

AHxt02sDҚСЗИ сарапшылары Қытайдың ежелгі және беделді университеттерінің бірі – Фуданский университетінде болды, онда Ресей мен Орталық Азияны зерттеу институтының директоры, профессор Фэн Юйджун, Энергетика және зерттеу стратегиясы орталығының атқарушы директоры Хайан Сюмен кездесті. Кездесу барысында екі жақты саяси қатынастардың жай-күйі мен келешегі, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Сарапшылар өзара қызығушылық танытатын заманауи өзекті мәселелерінің кең ауқымы бойынша диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

zsw11Yjb

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ делегациясы елдің оңтүстік-шығысындағы Қытайды Гонконгпен байланыстыратын – қарқынды дамып келе жатқан Шэньчжэнь қаласына барып қайтты.

 

Басылымдар