Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

 

29 қазан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Қытай Халық Республикасы делегациясымен сарапшылар кездесуі өтті. Күн тәртібінде екі жақты ынтымақтастықты жандандыру, Қазақстан мен Қытай арасындағы сенім шараларын күшейту мәселелері талқыланды.

Талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдері мен ҚХР-дың Астанадағы Елшілігі, сондай-ақ жетекші қытай аналитикалық орталықтарының – Әлеуметтік ғылымдар академиясы, Халықаралық қатынастар академиясы, Қытай ислам қауымдастығы қызметкерлері қатысты.

w4OoRCuO

Қазақстандық тараптан «Қоғамдық пікір» институтының негізін қалаушы Ботагөз Ракишева, «Қоғамдық пікір» институты жобасының менеджері, Central Asia&Caucasus журналының өкілі Қаламқас Есімова және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының этносаралық және конфессияаралық қатынастар орталығының директоры Айгүл Сәдуақасова болды.

3yhlaAsz

ҚСЗИ жағынан директорының орынбасары Мәдина Нұрғалиева, директордың орынбасары Марат Жұмағұлов, ғалым хатшы Қазбек Исаев, бас ғылыми қызметкер Мұрат Лаумулин, аға сарапшы Болат Тоқабаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің аға зерттеушісі Анастасия Решетняк, Халықаралық зерттеулер бөлімінің зерттеушілері Қымбат Нұрғалиева және Темірлан Ескендір қатысты.

ҚХР зерттеушілері Қытайдағы белбеу және жол бастамасы шеңберінде инфрақұрылымды құру тәжірибесімен бөлісті; ззгерістер Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр аймағында барынша байқалады, мұнда төрт ірі көлік дәлізі қиылысады, бұл бүгінгі күні ҚХР осы бөлігінің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Тараптар Қазақстан мен ҚХР белбеу мен жол бастамасын жүзеге асырудағы бірлескен күш-жігерін, сондай-ақ Қазақстан мен ҚХР арасындағы қауіпсіздік саласындағы, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың перспективаларын жоғары бағалады. Көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерінің кең ауқымы бойынша пікір алмасу өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақстан-қытай ынтымақтастығын ғылыми-зерттеу саласында одан әрі нығайтуға деген қызығушылығын растады.

Басылымдар