Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

 

26 қазанда Президент Әкімшілігінің Басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Шара жұмысына Комиссияның мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы КСИС директоры Зарема Шаукенова қатысты. Кездесудің күн тәртібі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың нәтижелерін талқылауға және Бағдарламаны басқару кеңсесінің қызметін ұйымдастыру мәселелеріне арналды.

Кездесуді ашқан Ұлттық комиссияның төрағасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толтырудың маңыздылығын атап өтті: «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл – ел бесігі» және «Өз жеріңді танып біл» жаңа жобалары іске қосылатын болады, ол Бағдарламаны дамытуға қосымша серпін береді.

Комиссия отырысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Үкіметтің мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, саяси партиялардың өкілдері қатысты.

Басылымдар