Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2022 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин және Елшіліктің кеңесшісі Сергей Ивановпен кездесу өтті. 

10 03 22 3ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ тарапынан кездесуге директор Еркін Тұқымов, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, Халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Әлішер Әбдірешев қатысты.

Кездесу барысында ҚСЗИ мен беларусьтік талдау орталықтары арасындағы халықаралық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар өзекті халықаралық оқиғалар бойынша пікір алмасу мақсатында екі мемлекеттің жетекші сарапшылары арасындағы диалогтың маңыздылығы туралы келісті.

10 03 22 2Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасының күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерге тоқтала келе, екі ел арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде екені атап өтілді. Диалог барлық негізгі салаларда даму үстінде және одан әрі нығайту үшін әлеуеті зор.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар пікір алмасудың маңыздылығын және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ мен Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы өнімді серіктестікті одан әрі дамытудың маңыздылығын растады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге ниет білдірді.

Басылымдар