Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2022 жылдың 11 наурызында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Фридрих Эберт атындағы Қордың (ФЭҚ) өкілдігімен - Қазақстан мен Өзбекстандағы ФЭҚ Өңірлік өкілдігінің басшысы Кристоф Мормен (Christoph Mohr) және Нұр-Сұлтан қаласындағы ФЭҚ өкілдігінің басшысы Зәуреш Шутовамен кездесу өтті. 

ҚСЗИ атынан кездесуге директор Еркін Тұқымов, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, Халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова, ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің бас сарапшысы Альмира Ахметова қатысты.

ҚСЗИ директоры институттың серіктестеріне ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, ҚСЗИ мен ФЭҚ арасындағы ынтымақтастықтың тарихы мен ағымдағы жай-күйіне, өткізілген іс-шаралар мен бірлескен жұмыс нәтижелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар алдағы ынтымақтастықтың мүмкіншіліктері мен бағыттары туралы өз ойымен бөлісті. 

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға, өңірлік дамудың жай-күйі, проблемалары мен болашағы талқыланатын бірлескен жобаларды, кездесулерді, іс-шаралар мен пікірталас алаңдарын өткізуге қызығушылық танытты.

Басылымдар