Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2022 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен және Елшіліктің бірінші кеңесшісі Доминик Жантимен кездесу өтті. 

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ тарапынан кездесуге директор Еркін Тұқымов, директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, Халықаралық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Әсел Назарбаева, Әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Жанна Каримова қатысты.

Кездесу барысында ҚСЗИ мен француз талдау орталықтарымен халықаралық байланыстарын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Өз тарапынан Елші Дидье Канесс бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар пікір алмасудың маңыздылығын және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ мен Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы өнімді серіктестікті одан әрі дамытуға ниеттілігін растады. Атап айтқанда, Орталық Азия бойынша зерттеулермен айналысатын француз талдау құрылымдарымен, мысалы, Францияның халықаралық қатынастар институтымен (IFRI) ынтымақтастық орнатуға, Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен бірлескен іс-шаралар – конференциялар, дөңгелек үстелдер, Орталық Азия мен Қазақстан бойынша маманданған француз зерттеушілерінің қатысуымен сарапшылық талқылаулар өткізуге мүдделелік танытты.

Басылымдар