Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2022 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ-да «Жаңа Қазақстан: мазмұны мен мәні» тақырыбында сараптамалық пікірталас өтті.23 02 22 2 Шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов ашты. Бұл сараптамалық пікірталас «Жаңа Қазақстан» идеологемасының мазмұны мен нысаны бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ бастамасымен жүргізілетін талқылаулар цикліндегі кезекті шара болды.

Шараға ұлт зиялылары, ғалымдар, саясаттанушылар, мәдениет қайраткерлері мен жастар өкілдері қатысты.

Талқылаудың бірінші бөлігіне Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабек, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ, Философия кафедрасының профессоры Күлтай Медеуова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Владимир Батурин, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

23 02 22 1Талқылаудың екінші бөлігінде Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Жақсылық Сәбитов, Қарағанды техникалық университетінің проректоры Айжан Темербаева, «Жастар» ҒЗО талдау және коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Сағыныш Ахантаева, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Алмас Жүнісбай, Назарбаев Университетінің Инженерлік мектебінің докторанты Әсия Ермұхамбетова және басқа да академиялық және азаматтық сектордағы жастар өкілдері қатысты.

Талқылауға қатысушылар еліміздің даму күн тәртібіне қатысты түрлі пікірлерін ортаға салды. Саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар мәселелері қозғалды.

ҚСЗИ Қазақстанның болашағы туралы талқылауды жалғастырады және барлығыңызды атсалысуға шақырады.

 

Басылымдар