Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Музейінің ғимаратында «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» және «Дипломатиялық сыйлықтар - адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі» атты екі көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Елбасы кітапханасының мұрағаттық, кітаптар және музей жинақтарындағы көрмелер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне және Тәуелсіздік Күніне арналған іс-шаралар сериясы аясында дайындалды.

«Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» көрмесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өткенді зерттеу мен насихаттауға арналған бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру барысында Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасын жаңғырту мен дамытуға қосқан үлесін көрсететін фото, видео және мәтіндер ұсынылған.

Сағат жасау өнерінің 70-ке жуық әрқилы және өте сирек кездесетін туындылар «Дипломатиялық сыйлықтар - адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі»  атты көрмеде көрсетілген. Жинақ негізін Н.Ә.Назарбаевқа шет мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен қорлар, шетелдік делегациялар, мемлекет басшысының жаһандық беделін мойындаған Қазақстан халқының сыйлықтары құрайды.

Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рақымжанов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды келе жатқан мерекелермен құттықтады. Сондай-ақ салтанатты шараға қатысушылар алдында ҚР Мәжілісінің депутаты, Елбасы кітапханасы Ғылыми Кеңесінің құрметті мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі Дастан Елеукенов сөз сөйледі.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ғалымдар, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі басшысының орынбасары Алмас Арзықұлов, Әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Дарина Даненова, Халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкерлері Темірлан Ескендір мен Әлішер Әбдірешев қатысты.

Басылымдар