Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

«Орта ғасыр философиясы» - бұл орта ғасырдың негізгі философиялық ілімдерін ұсынатын әлемдік білім беру жүйесінде кеңінен танымал оқулық. Оқулық әлемнің көптеген университеттерінде қолданылады.

Оқулықтың авторы - жетекші ағылшын философ-ғалымы, Британ академиясының президенті (1989-1993 жж.), Норвегия ғылым және әдебиет академиясының, американдық философиялық қоғамның мүшесі, философия, әдебиет және азаматтық құқық докторы Энтони Джон Патрик Кенни.

«Орта ғасырлар философиясы» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «Жаңа гуманитарлық білім: жүз жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылды. Оқулықты аударуға жауапты редакторлар М.Оспаналы, философия ғылымдарының докторы А.Құранбек, аудармашылар Ш.Әлменова, гуманитарлық ғылымдар магистрі Д.Қалиев, шетел филологиясы бойынша PhD А.Алдабердікқызы, ғылыми редактор философия ғылымдарының докторы С.Оспанов, әдеби редакторлар С.Арпабеков, М.Кенжебай атсалысты.

«Орта ғасыр философиясы» - Энтони Кэннидің төрт томдық кітабының екінші томы. Біз оқырманды бұрын таныстырған осы басылымның алғашқы томы – «Антика философиясы». (http://www.kisi.kz/index.php/kz/is-sharalar/2020-zhyl/7049-entoni-kennidi-antika-filosofiyasy-atty-o-uly-y)

Екінші томда орта ғасыр философиясының тарихы берілген. Бұл философияның және жалпы ғылымның дамуына қатысты қиын кезең болды. Сонымен қатар, ол ұзақ уақытты - б.з.д. 400 жылдан бастап мың жылдан астам уақытты қамтиды. Осы кезеңнің белгілі бір қайшылықтарына қарамастан, Энтони Кеннидің кітабында бұл кезең философия мен интеллектуалды ізденістің шыңы ретінде ұсынылған. Философия өзінің шыңына он үшінші және он төртінші ғасырларда Томас Аквинский мен Иоанна Дунс Скоттың философиялық жүйесінің пайда болуымен жетті.  (https://openu.kz/ru/book/batys-filosofiyasynyng-zhanga-tarihy-4-tom-kazirgi-zaman-filosofiyasy).

Энтони Кеннидің «Орта ғасыр философиясында» христиандық пен Исламның негізі қаланғаннан бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі философиялық теориялар мен ұстанымдар қарастырылған. Кітаптың авторы тек ғалым-философ қана емес, сонымен қатар дін тарихы мен философиясы мәселелерін зерттейтін маман екенін атап өткен жөн. Оның өмірбаянының қызықты фактісі, ол өз жолының басында Римдегі католик семинариясында оқыды, онда ол теология бойынша ғылыми дәреже алып, содан кейін Ливерпульде викар болды. Алайда, біраз уақыттан кейін ол католик ілімдеріне күмән келтіріп, өзін агностик деп санай бастады. Кейін Оксфорд университетінде магистр және философия докторы дәрежесін алды.

Энтони Кеннидің кітабы философия тарихына, орта ғасырлардағы жаңа философиялық ілімдер мен теориялардың дамуына, негізгі діни дүниетанымдық жүйелердің қалыптасуына, сондай-ақ қоғам, адам және әлем мәселелеріне қызығушылық танытатындардың бәріне қызығушылық тудырады.

Басылымдар