Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2021 жылғы 16 маусымда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да «Қызмет» «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ Төрағасы Мирболат Жақыпов және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал Төрағасы Атақозы Нұрлановпен кездесу өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік және азаматтық қызметшілерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытудың перспективалық жоспарлары қаралды.

Мирболат Жақыпов ҚСЗИ кәсіптік ұйымдарының еңбек жағдайларын жақсарту, ұжымда корпоративтік рухты нығайту, өз әріптестеріне, әсіресе пандемия кезінде материалдық және моральдық қолдау көрсету жөніндегі белсенді жұмысын атап өтті.

Кездесу соңында М.Жақыпов ҚСЗИ директоры Зарема Шаукеноваға кәсіподақ қозғалысын дамытуға, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құруға және нығайтуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыстап, ҚСЗИ кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлзат Арпабаеваны «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Институттың келесі қызметкерлері: Қазбек Исаев, Асара Мұқанова, Сәнімкүл Дүйсембекова, Слямжар Ахметжаров, Гүлнар Бимағанбетова, Бақытбек Етекбаев, Жасұлан Төлеуов құрмет грамоталарымен марапатталды.

Өз кезегінде ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова «Қызмет» «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы»  ҚБ Төрағасы Мирболат Жақыповқа «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының» мерейтойлық медалін табыстады.

16 06 2021 2 16 06 2021 3

Басылымдар