Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2021 жылғы 16 маусымда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Су ресурстары және қоршаған орта бойынша USAID өңірлік жобасының делегациясымен кездесу өтті, оның атынан: USAID Central Asia жобаларды басқару жөніндегі маман Гүлзада Әжетова, USAID әлеуетін арттыру және оқыту жөніндегі үйлестіруші Екатерина Стрикелева, USAID су ресурстарын интеграцияланған басқару жөніндегі үйлестіруші Анна Иноземцева, USAID су саясаты мәселелері жөніндегі үйлестіруші Мадина Ибрашева қатысты.

Кездесуге директордың орынбасары Санат Көшкімбаев, халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова және халықаралық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Әлішер Әбдірешев қатысты.

Су ресурстары және қоршаған орта бойынша USAID өңірлік жобасы 2020 жылы басталып, бес жылға есептелген. Негізгі мақсаттар Орталық Азия елдерінің су ресурстары саласындағы ынтымақтастығын нығайту, тұрақтылықты, экономикалық өркендеуді және салауатты экожүйелерді арттыру болып табылады.

Кездесу барысында тараптар қоршаған орта проблемаларына, сондай-ақ Орталық Азияда су ресурстарын тиісінше бөлуге егжей-тегжейлі тоқталды. Суды ұқыпты басқару бүкіл ОА өңірі үшін басым міндет болып табылатыны атап өтілді. Бұдан басқа, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықты осы мәселеге кешенді тарту орын алып отырған қайшылықтарды шешуге қажетті серпін берер еді.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастыққа, сондай-ақ жұмыс топтарына, Орталық Азия сарапшыларымен су мәселесі бойынша бірлескен зерттеу жобаларына қатысуға, сараптамалық кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізуге дайын екендігі айтылды.

17 06 2021 2

Басылымдар