Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2021 жылғы 8-9 маусымда Мәскеу қаласында «Әлемдік тәртіптің заманауи сын-қатерлері» тақырыбына «VII Примаков оқулары» Халықаралық ғылыми-сарапшылық форумы өтті. Шараны ұйымдастырушылар: Президенттік гранттар қоры, Е.М.Примаков атындағы Сыртқы саяси ынтымақтастығы орталығы, Халықаралық сауда орталығы, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасы және Е.М.Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, форум аралас форматта өтті. Залда офлайн-режимде 300-ге жуық адам қатысты, шетелдік спикерлердің бір бөлігі бейнеконференциялық байланыс арқылы сөз сөйледі, сондай-ақ барлық тілек білдірушілер үшін онлайн-бақылау мүмкіндігі болды. https://www.imemo.ru/news/events/text/primakovskie-chteniya-2021

«Примаков оқулары» - халықаралық қатынастар және әлемдік экономика саласындағы сарапшылардың, дипломаттар мен саясаткерлердің жыл сайынғы халықаралық кездесуі. Форум алғаш рет 2015 жылы өткізілді және белгілі ғалым және мемлекет қайраткері Евгений Максимович Примаковтың құрметіне аталған. Жеті жыл ішінде Форум халықаралық қатынастардың даму сценарийлерін, халықаралық қауіпсіздік саласындағы сын-тегеуріндерді, сондай-ақ әлемдік саясат субъектілерінің өзара іс-қимылының жаңа модельдерін талқылауға арналған беделді халықаралық алаң мәртебесіне ие болды.

Форумға қатысушыларға Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі, Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ю.В. Ушаков, РҒА Е.М.Примаков атындағы ӘЭХҚИ президенті, академик А.А.Дынкин, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті С. Н. Катырин құттықтау сөз сөйледі.

«Примаков оқулары» алаңындағы халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін екі күндік талқылау 8 сессия шеңберінде өтті: «Энергетикалық ауысу: жылдамдық, бағыттар, тәуекелдер»;«Батыс қоғамдарының трансформациясы: сыртқы саяси салдарлар»; «Қытайға жаһандық көшбасшылық қажет пе?»; «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі ЕО-ның жаһандық рөлі»; «Жаһандық қиылыстардағы Үндістан»; «Палестина-Израиль қақтығысы: реттеу перспективалары»; «Орталық Азия жолайрықта: бәсекелестік пе немесе серіктестік пе?»; «Ресей-Америка қатынастары. Шиеленісті азайту мүмкіндігі бар ма?».

2021 жылдың 10 маусымы күні РҒА Е.М.Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтында «Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестер: үрдістер, проблемалар, перспективалар» атты халықаралық ғылыми конференция өтті, оған Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 50-ге жуық сарапшылар қатысты.

Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды: «Посткеңестік кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық трендтер және еуразиялық ықпалдастық перспективалары»; «Орталық Азия: саяси транзиттер және ықпалдастық процестер»; «Кавказ: геосаяси өзгерістер және ықпалдастық үрдістері»; «Посткеңестік кеңістіктің еуропалық бөлігіндегі саяси және геосаяси трансформациялар: Беларусь, Молдова, Украина».

Ғылыми форумға ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ атынан директордың орынбасары Санат Көшкімбаев және халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова қатысты. Сондай-ақ, қазақстандық делегация құрамында Қазақстан-неміс университетінің Халықаралық және өңірлік ынтымақтастық зерттеу институтының директоры Болат Сұлтанов, Азиялық зерттеулер институтының директоры Сұлтан Әкімбеков, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев болды. Қазақстанның барлық қатысушылары «Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестер: үрдістер, проблемалар, перспективалар» халықаралық ғылыми конференциясында баяндамалар жасады.

14 06 3 14 06 4

Басылымдар