Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылдың 27-28 қыркүйегінде Астана қаласында Қазақстан әлеуметтанушыларының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғырту стратегиясы: жаңа құндылықтар, жаңа координаттар жүйесі, жаңа уақыт» тақырыбында VI конгресі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы ұйымдастырдыды.

27 қыркүйек күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында. жас әлеуметтанушылар форумы өтті. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ қабырғасында: жергілікті атқарушы органдардың және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін: 1. «Ақпараттық қоғам жағдайындағы күн тәртібін басқару тиімділігі», 2. «Болашақ біртұтас ұлт қалыптастыру тұрғысында Қазақстан халқының құндылық бағдарлары» атты тарыпта тренинг жүргізілді. Тренинг спикерлері – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Мадина Нұрғалиева, Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің Алуа Жолдыбалина, «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясының директоры Жанар Буканова,  Стратегиялық бастамалар институтының , Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы Салтанат Ермаханова.

             Ch1qoj6lI4RntIDI

28 қыркүйекте Ұлттық академиялық кітапханада Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана - табысты аймақ: жаңа қала, жаңа идеялар, Еуразияның орталығында жаңа шындық» пленарлық отырысы өтті.

Пленарлық отырыс жұмысына Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының Президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Марат Тәжин, ҚР Қоғамдық даму министрі, саяси ғылымдарының докторы Дархан Қалетаев,  Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының (ISA) вице-президенті, әлеуметтану докторы, Рио-де-Жанейро (Бразилия) федералдық университетінің профессоры, МСА Current Sociology журналының редакторы Элоис Мартин және Жапония, Түркия, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Германиядан келген қонақтар, Қазақстан парламентінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, еліміздің жоғары оқу орындарының, сараптамалық-аналитикалық құрылымдар өкілдері қатысты.

Барлық спикерлер әлеуметтану мен саясаттанудың әлеуметтік және гуманитарлық ғылым циклінің жетекші бағыты ретінде, әсіресе аймақтық деңгейде әлеуметтанулық зерттеулердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысының маңыздылығы туралы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

ZG8qO274

ISA Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының вице-президенті Элоис Мартин Қазақстанның әлеуметтанушылары қауымдастығының жұмысының маңыздылығын атап өтті және әлеуметтануды барлық азаматтар үшін жақсы қоғам құруға пайдалану мүмкіндігіне тоқталды.

Пленарлық отырыста азаматтық қоғамды нығайту мәселелері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, жаһандық урбанизация тренді тұрғысындағы Астананың дамуы, қазақстан елордасының әлеуметтік кеңістігінің қалыптасуы, қазақстандық бірегейлік және БҰҰДБ үшін социологиялық баяндамалар тұсаукесері мәселелері талқылады.

Конгрестің басталуына дейін материалдар жинағы дайындалды, оның қорытындысы бойынша «Socleology» журналының арнайы шығарылымы жарық көреді.

Жарияланымдар:

Сквозь призму социологии //https://www.kazpravda.kz/fresh/view/skvoz-prizmu-sotsiologii1

Әлеуметтанушылар конгресі өтті // https://egemen.kz/article/175280-aleumettanushylar-kongresi-oetti

В Астане проходит VI Конгресс социологов // http://24.kz/ru/news/social/item/267996-v-astane-prokhodit-vi-kongress-sotsiologov/ru/news

Астанада әлеуметтанушылардың VI конгресі басталды // http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/268041-astanada-leumettanushylardy-vi-kongresi-bastaldy

На Конгрессе социологов в Астане обсуждают вопросы Третьей модернизации // https://www.inform.kz/ru/na-kongresse-sociologov-v-astane-obsuzhdayut-voprosy-tret-ey-modernizacii_a3403368

В Астане проходит VI Конгресс социологов // https://www.zakon.kz/video/v/112131.html

В Астане состоялся VI Конгресс социологов Казахстана  

 //https://www.qogam.gov.kz/ru/news/v-astane-svi-kongress-sociolo

VI Конгресс социологов Казахстана // http://www.enu.kz/ru/info/novosti-enu/53459/

Басылымдар