Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылдың 7 қыркүйегі күні Астанада «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығы құрметіне арналған «Бір белдеу, Бір Жол» сараптама орталықтар, БАҚ және мәдени саладағы ынтымақтастық» Қазақстан-Қытай форумы өтті.

J3k6Wtv7Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесі, ҚХР СІМ жанындағы Қытай қоғамдық дипломатия қауымдастығы, G-Global Халықаралық хатшылығы, «Хуаньцюван» халықаралық сайты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуций институты.

Форумға ҚХР және ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, ҚР Парламенті депутаттары, сараптама орталықтарының өкілдері, БАҚ, Қытай және ҚР жоғары оқу орындары өкілдері және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.

Қазақстан-қытай форум барысында екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетудегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының маңызды рөлі, «Нұрлы жол» қазақстандық бағдарламасының мақсаттарына сәскес келетін «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп  жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

RBXvnlv4

Форумында баяндама жасаған ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова «Бір белдеу, бір жол» бастамасы Еуразия кеңістігінде инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін беруге бағытталған ауқымды және өршіл жоба екенін атап өтті.

Басылымдар