Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

2018 жылдың 15-16 қазанында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшылары – Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина және Ақпараттық-талдау жұмыстары бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын халыққа түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтар жұмысының шеңберінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласында бірқатар кездесулер өткізді.   

А.ж. 15 қазанында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәдениет сарайында Елбасы Жолдауын талқылау бойынша аймақтық сарапшылар кездесуі өтті. Кездесуді Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Ilf1WYlo

Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина «Өмір сапасының деңгейі: негізгі өлшемдері мен индикаторлары» тақырыбында баяндама жасап, бүгінгі Жолдаудың маңызы мен ерекшелігін атап өтті. «Түркістан облысының жаңадан құрылуының өзі бұл өңірдің әлеуеті мықты екенін білдіреді. Себебі, еңбек күші бар әрі бірқатар салаларды дамытуға қолайлы облыс. Осы бастама арқылы Түркістанға инвестиция тартылып, халықтың әл-ауқаты көтеріледі. Елбасы Жолдауындағы басты міндет те — осы. Яғни, елдің тұрмыс деңгейін көтеру» — деген ол өмір сапасын анықтаудағы негізгі индикаторлар мен өлшемдер туралы түсіндіріп берді.

3XgjdNArӘсел Назарбетова «Жаңа заманның мемлекеттік қызметкерлері — ел саясатының тиімді жүзеге асуының негізі» тақырыбында баяндама жасады. Спикер мемлекеттік қызметкерлер қоғаммен диалог орнатуға дайын болып, команда құрамында жұмыс істей алып, сарапшылармен ынтымақтастық орнатып, отаншыл әрі жоғары мәдениетімен даралана білуі керек екенін айтты.

Жиынды жүргізіп отырған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Тәжібаев Астанадан келген сарапшылардың пікірлері студенттер мен оқытушыларға Жолдауды ары қарай жүзеге асыруға серпін беретінін жеткізді. Сонымен бірге ол өңірлерде туындайтын мәселелерді терең талдап, олардың шешілуіне ықпал жасайтын ҚСЗИ тәрізді сараптамалық орталықтармен тығыз ынтымақтастық орнатудың қажеттігін алға тартты.

m7MRetrm

Кездесу соңында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина жиынға қатысушыларға қоғамдағы өзекті мәселелерге жедел мониторинг жасау жөнінде семинар-тренинг өткізді.

А.ж. 16 қазанында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау аясындағы жоғарыдағыдай кездесу Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өтті.         Қатысушылар стратегиялық құжаттың негізгі бағыттарын талқылады: халықтың табыс деңгейін көтеру мәселелері, білім беру, денсаулық сақтау салаларының сапасын жақсарту және басқа да Мемлекет басшысы қойған міндеттер. Кездесу Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамымен өтті.

0CIIAoL4

Освещение в СМИ:

1. http://shymkenttv.kz/ru/news/society_public/novoe-poslanie-novoe-razvitie

2. https://ontustik.gov.kz/ru/news/eksperty-kisi-u-turkestana-vysokiy-potencial

3. https://baq.kz/kk/news/zholdau2018/sarapshilar_turkistannin_aleueti_zhogari20181015_224200

4. http://ayu.edu.kz/archives/33631

5. https://www.inform.kz/ru/vstrecha-regional-nyh-ekspertov-proshla-v-turkestanskoy- oblasti_a3423888

6. http://www.zakon.kz/4941672-eksperty-kisi-u-turkestana-vysokiy.html

7. http://ernur.kz/turkistan-oblysy/kszi-sarapshylary-turkistannyn-aleueti-zhoghary

8. http://shymkenttv.kz/ru/news/society_public/poslanie-kompas-kazahstanskogo-razvitiya-1

 

Басылымдар