Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Біздің бағытымыз – белгілі, мақсатымыз – айқын.

Ең бастысы, сол мақсатқа жету үшін не істеу қажеттігін жақсы білеміз

Алуа Жолдыбалина, https://www.inform.kz/kz/alua-zholdybalina-prezident-zholdauyna-katysty-pikir-bildirdi_a3830925?fbclid=IwAR3w5X94UxritN4LPimq8MhxQtsvFiBybrhrsGlS1b77PNEkgcM2Jm9aODQ  

Президенттің бүгінгі Жолдауында біршама жаңа бастамалар көрініс тапты. Ең біріншіден мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы. Бүгінгі мемлекеттік қаржыны жұмсау және оны бақылау тәртібіне үлкен мән берілді. Ұлттық қордан бөлінетін қаражат, одан кейін бюджеттен әр түрлі бағдарламаларға берілетін қаражаттың барлығын бақылау және оны тиімді басқаруға байланысты жаңа бастама айтылды. Екіншіден, цифрлық үкіметтің жаңа архитектурасын құру. Яғни, барлық қызметтерді, әсіресе квазисектордағы ұйымдарға цифрлық қызметтің барлығын қол жетімді етіп, цифрландыруға мүмкіндік береді. Жолдауда ғылым саласын үшжылдық грант беруді 5 жылға дейін созу мәселесі орынды қозғалды. Бұл өз кезегіндел іргелі зерттеулерді жүргізуге, тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды бастама мәслихат пен мәжіліс депутаттарының орындарын бөлу.

Басылымдар